АХҚО-да деректер саласындағы саясат жөніндегі 2022 жылғы ұлттық воркшоп өтті

АХҚО-да деректер саласындағы саясат жөніндегі ұлттық воркшоп өтті. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (UN DESA), Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Tech Hub-ы бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты деректер саласындағы халықаралық саясатты талқылау және цифрлық трансформацияны табысты іске асыру тәжірибесімен алмасу болды.

Пленарлық сессия барысында АХҚО Басқарушысы цифрлық трансформация арқылы азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді жақсарту бойынша елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясындағы осы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Қайрат Келімбетов АХҚО Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде цифрлық технологияларды ілгерілету мәселелеріне көп көңіл бөлетінін атап өтті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін АХҚО базасында Дүниежүзілік экономикалық форум ҚР ЦДИАӨМ-мен бірлесіп Төртінші өнеркәсіптік революцияның (4ӨР) Үлестес орталығын іске қосты.

Қ. Келімбетов халықаралық технологиялық компанияларды ынтымақтастыққа және өңірдегі Қазақстан мен көрші елдердің қажеттіліктерін өтеу үшін АХҚО алаңында дата орталықтарын ашуға шақырды. АХҚО Басқарушысы 4ӨР орталығы мен АХҚО Tech Hub-тың деректер саласындағы саясаттағы жоғары құзыреттілігін, сондай-ақ ағылшын құқығы қолданылатын сенімді реттеуші жүйенің бар екенін атап өтті.

Өз сөзінде ЦДИАӨМ министрі деректерді басқару мәселелерін талқылау азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар инновациялық өнімдер мен стартап экожүйені дамытуға айтарлықтай серпін беретінін атап өтті. Бағдат Мусин ЦДИАӨМ-нің деректер саласындағы мәселелерді ашық талқылауға бейілділігін растады және қатысушыларды белсенді диалогқа шақырды.

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори елдің цифрландыру саласындағы прогресін жоғары бағалады және БҰҰ-ның барлық құрылымдарының осы бағыттағы ЦДИАӨМ-нің одан әрі күш-жігерін қолдауға дайын екендігін растады.

UN DESA Цифрлық үкімет бөлімінің басшысы Винченцо Акуаро БҰҰ-ның электрондық үкімет бойынша 2022 жылғы шолуының нәтижелерін таныстырды, оған сәйкес Қазақстан электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша әлемде 28-орынға жайғасты.

Proud Engineers жобасының жетекшісі Флориан Маркус Қазақстан мемлекеттік қызметтердің сапасы, жылдамдығы және қолжетімділігі бойынша дамыған елдердің көпшілігінен озып тұрғанын атап өтті.

Воркшопқа АҚШ, Сингапур, Үндістан және Эстониядан мемлекеттік құрылымдардың, жеке сектордың өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша деректерді басқарудың үздік тәжірибелерін дамыту және енгізу бойынша ұсынымдар топтамасы әзірленетін болады. Қосымша ақпаратты https://tech.aifc.kz/ru/data/  сайтынан білуге болады.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.

www.aifc.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің цифрлық дамуы саласындағы, инновациялар, коммуникациялар, мемлекеттік қызметтерді көрсету, электронды өнеркәсіп салаларындағы, сондай-ақ цифрлық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырумен және іске асырумен айналысады электрондық үкіметті дамытады, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін, ақпараттық қауіпсіздік, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография мәселелерін үйлестіреді.

www.gov.kz/memleket/entities/mdai

Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті (БҰҰ ЭӘМД) БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб-пәтерінде орналасқан, ол даму саласына жауап беретін БҰҰ Хатшылығының бөлігі. Оның тоғыз бөлімшесі біздің Әлеуетті нығайту бюросымен бірге дамуға жәрдемдесу ортақ мақсатына жету үшін бірлесіп жұмыс істейді. БҰҰ ЭӘМД сондай-ақ елдерге ұлттық даму стратегияларын әзірлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін өңірлік және елдік деңгейлерде өз әріптестерімен тығыз ынтымақтасады.

https://www.un.org/development/desa/ru/

 

AIFC AI assistant