Бизнеске арналған жаңа технологиялар: АХҚО Tech Hub халықаралық сарапшылармен вебинар өткізді
Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы «Қазақстанда ШОК-қа 4ӨР технологияларын енгізуді жеделдету: сын-қатерлер мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өткізді.
Сарапшылар Қазақстанда ШОК 4ӨР технологияларын енгізудің ағымдағы жағдайы туралы айтты, сондай-ақ технологияларды кеңінен енгізуге кедергі келтіретін тосқауылдар, сондай-ақ оларды жою үшін қажетті шараларды талқылады.
Оған қоса, шақырылған сарапшылар «Шағын және орта кәсіпорындарда технологияларды енгізуге Covid-19-дың әсері: салдары мен келешегі» баяндамасын талқылады.
Іс-шараның спикерлері АХҚО Tech Hub бас директоры және Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революцияның еншілес орталығының қазіргі басшысы Павел Коктышев, Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) консультанты, сарапшы Тангуль Абдразакова, «Байланысқа қосылған әлемнің болашағы» платформасының кураторы Сайфул Салихудин және басқалар болды.
Вебинардың толық жазбасын Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығының ресми сайтының арнасында мына сілтеме бойынша көре аласыз: https://tech.aifc.kz/insights/
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/
Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.