Райффайзенбанк AIX CSD-ның кастодиандық қызметтер ұсыну бойынша алғашқы халықаралық қатысушысы болды
Райффайзенбанк Astana International Exchange Орталық депозитарийінің (AIX CSD) қатысушысы болды, бұл халықаралық институциялық инвесторлардың өз активтерін AIX CSD-де осы банктің басқаруымен ұстауларына мүмкіндік береді.
Райффайзенбанк клиенттерге бүкіл әлем бойынша бағалы қағаздардың кең спектрін орталықтандырылған және тиімді сақтаудың мультинарықтық тәсілдемесін ұсынады. Райффайзенбанкпен ынтымақтастық өзара іс-қимыл процесін оңтайландырып әрі жеңілдетіп және тез өсудегі фронтирлік нарықта операциялық тәуекелдерді төмендете отырып, АІХ клиенттеріне олардың заңгерлік және операциялық стандарттарға қойылатын талаптарын қанағаттандыруға көмектеседі.
AIX CSD бас директоры Анна Колесниченко былай деп атап өтті:
«AIX CSD-ғаТМД өңіріндегі бірінші деңгей кастодианы Райффайзенбанктің қосылуы өз ақшалай қаражаты мен бағалы қағаздарын біздің CSD-да сақтауы үшін фронтирлік және дамушы нарықтар қорларының сенім жүктелген институты бар болатындығын білдіреді. Бұл сонымен қатар халықаралық банк тарапынан АІХ алаңына білдірілген сенімнің айқын белгісі және басқа ірі халықаралық кастодиандар үшін осы үлгіге еруге болатындықтың хабаршысы болып табылады.
Евгения Климова, Райффайзенбанк депозитарийінің басшысы:
«Біз таңдап алған бизнес-моделінің тиімділігін қысқа уақыттың ішінде дәлелдеген АІХ-тің алғашқы халықаралық қатысушысы болуға қуаныштымыз. АІХ – бұл инвесторлардың құрметіне ие болған платформа. АІХ-пен ынтымақтастықтың арқасында Райффайзенбанк енді Қазақстанның бүкіл нарығына шығады және Raiffeisen Bank International-дың барлық тобы үшін бағалы қағаздарды ТМД-ның негізгі өңірлерінің бірінде сақтау бойынша хаб болады».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істей отырып, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX “Белдеу және жол” бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
AIX CSD – АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген, қолма-қол ақшамен күнделікті операциялар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар және депозитарлық қызмет үшін жауап беретін жеке компания. AIX CSD-ның АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензиясы бар. AFSA сонымен қатар АІХ жанындағы Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің Реттеушісі ретінде қызмет атқарады. AIX CSD АІХ-тің айрықша меншігі болып табылады.
Райффайзенбанк Райффайзен Банк Интернациональ АГ-ның еншілес құрылымы болып табылады. Райффайзенбанк – жеке және корпоративтік клиенттер, Ресей Федерациясының резиденттері мен резидент еместері үшін қаржылық шешімдер құратын ең сенімді ресейлік банктердің бірі. «Интерфакс-ЦЭА» деректеріне сай, 2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысына сәйкес Райффайзенбанк активтердің өлшемі бойынша 10-шы орынға, жеке тұлғалар қаражаттарының көлемі бойынша 7-ші орынға және жеке тұлғалар кредиттерінің көлемі бойынша 10-шы орынға ие. Forbes журналының деректері бойынша, Райффайзенбанк 2020 жылы Ресейдің ең сенімді банкі болып танылған.
Райффайзен Банк Интернациональ АГ Австрияның барлық қаржы нарықтары мен Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі жетекші корпоративтік және инвестициялық банк болып табылады. Райффайзен Банк Интернациональ Орталық және Шығыс Еуропада 13 нарықта ұсынылған және лизингті, активтерді басқару мен қосылу және жұту бойынша мәмілелерді сүйемелдеуді қоса, қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Негізгі бөлігі Орталық және Шығыс Еуропада орналасқан 2 000-нан аса бөлімшелерде 47 000-нан аса қызметкер 16,8 млн клиентке қызметтер көрсетеді. Райффайзен Банк Интернациональ акциялары Вена қор биржасында тіркелген.