Seedstars Kazakhstan және AIFC Fintech Hub стартаптарға инвестициялық дайындық бағдарламасын іске қосады
Seedstars Kazakhstan мен Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) Финтех Хабы инвестициялар үшін онлайн режимінде білім беруге дайындықты бастайды. Инвестициялық дайындық бағдарламасы (IRP) Орта Азиядағы финтех стартаптарына арналған және стартаптардың жетілу деңгейін бағалауға, сондай-ақ оның инвестициялық тартымдылығын бағалауға және арттыруға көмектеседі.
Тест пен сұхбат нәтижелері бойынша ұйымдастырушылар алдағы 8 аптада халықаралық тәлімгерлердің қатысуымен жан-жақты дайындық және стартап жобаларын әзірлейтін ең жақсы 5 команданы таңдайды.
Seedstars сарапшылары жасаған және дамып келе жатқан нарықтардағы мыңдаған стартаптармен жұмыс жасауда сәтті дәлелденген мазмұнға мыналар кіреді: қор жинауға дайындық және өсу үшін бизнес өлшемдері. Әр модуль 4 аптаға созылады, оның барысында командалар интерактивті вебинарларға ие болады, жеке тапсырмалар алады, сонымен қатар сарапшылармен тәлімгерлік сессиялар өтеді.
Бағдарламаға қатысуға өтінімдер жинау https://fintechstars.aifc.kz/irp сілтеу бойынша 26 сәуірге, 2020 дейін жалғасады. Бағдарлама 4 мамырда, 2020 іске қосылады және қазіргі пандемияға байланысты толығымен онлайн режимінде өтеді.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. www.aifc.kz
АХҚО Қаржы Технологиялары хабы – дүниежүзілік стартаптар, кәсіпкерлер, инвесторлар, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандары түйісетін орын. АХҚО-дағы қаржы технологияларды дамытуға осы салада шешім қабылдау және өнімді сынауға мүмкіндік беретін арнайы әзірленген ережелер мен реттеуші, жергілікті және халықаралық серіктестік, таланттарды дамыту, стартаптарды қолдау бағдарламалы жатады. www.fintechstars.aifc.kz
Seedstars – швейцариялық жекеменшік компаниялар тобы болып табылады. Оның мақсаты – дамушы нарықтағы адамдар өміріне технологиялар мен кәсіпкерлік арқылы әсер ету. Seedstars қызметі 80-ге жуық дамушы экожүйені қамтиды. Олардың ішінде Seedstars World Competition, акселераторлық бағдарламалалар, Seedspace венчурлік инвестициялар мен компанияларды құру жөніндегі қызмет сияқты түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы да бар.