«Okoo» стартапы Venture Rocket Eurasia платформасында қаражат жинау науқанын бастайды

Қазақстандық «Okoo» стартапы Venture Rocket Eurasia (VRE) платформасында қаражат жинау науқанын бастайды.

“Okoo” (https://okoo.kz/) – оқушылар мен оқытушыларға арналған программалау курстарын ұсынатын цифрлы платформа. Стартап программалаудың оқу үдерісін жылдам әрі қарапайым етуге, сонымен қатар оқушылардың ынтасын арттырып, белсенділігін арттыруға тырысады. 2019 жылы құрылған “Okoo” компаниясы қазіргі уақытта 10 000-нан астам қолданушыны тіркеп отыр.

Venture Rocket Eurasia – бұл стартаптардың экожүйесін басқару құралы және келешегі бар стартаптарға қаражат жинау науқанын бастауға көмектесетін, сонымен қатар әлемдік инвесторларға толықтай реттелеген ортада қаражат салуға мүмкіндік беретін Орталық Азиядағы алғашқы бірлескен инвестициялық платформа.

«Басқа платформалардан айырмашылығы, біз орта және жоғары сынып оқушыларына және олар үшін арнайы жасалған информатика бағдарламасына бағытталғанбыз. Біздің ойымызша, жас оқытудың мағынасын да, тиімді тәсілін де анықтайды», – деп Дінмұхамед Юнусов, “Okoo”-дың Бас Директоры және Құрылтайшысының бірі айтты.

«Okoo платформасындағы білім беру студенттерге өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалімдер ыңғайлы интерфейс арқылы оқу процесін оңай басқара алады», – деп Сансызбай, орта мектеп информатика мұғалімі және платформа пайдаланушыларының бірі байқап айтты.

 «Орталық Азия – бұл керемет идеялары бар және оларды жүзеге асыруға дайын дарынды адамдары бар келешегі бар стартаптарды табуға және оларға қолдау көрсетуге тамаша орын. Venture Rocket Eurasia-да біз оларға бизнестерін дамытуға, бизнесті бастау қызметтерімен қолдауға және көп инвестициялық мүмкіндіктерді тартуға көмектесуге тырысамыз. «Okoo» біздің платформада алғашқы қаражат жинау науқанын бастайтынына өте қуаныштымыз», – деп Арслан Кудияр, CEO Venture Rocket Eurasia бөлісті.

Жиналған қаражат платформаның маркетингтік стратегиясын ілгерілетуге және оның қызметін кіші студенттер мен ересектерге арналған курстар қосу арқылы кеңейтуге, сондай-ақ платформаға көп қолданушыларды тартуға жұмсалады.

 

Онлайн қаражат жинау науқанына қосылу және стартап туралы көбірек білу үшін осы сілтемеде тіркеліңіз – https://eco.venturerocket.vc/. Науқан үш айға созылады.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

Venture Rocket Eurasia  – АХҚО Финтех хабы (https://fintech.aifc.kz/ мен Titanium Technologies (https://titanium-tech.net) жаһандық ғылыми-зерттеу және инновациялық компаниясы құрған стартаптардың экожүйесін инвестициялау және басқаруға арналған платформа.

Платформа стартаптар үшін аймақтық және жаһандық балама капитал көздерін тартуға мүмкіндік береді. Инвесторлар үшін бұл платформа дәлелденген стартаптармен ынтымақтасу, серіктестермен бірге инвестициялау, өздерінің стартап портфелін қолдау үшін экожүйе мүшелерінің ғаламдық желісіне қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады.

https://venturerocket.vc

AIFC AI assistant