Қазақстан Республикасындағы ​исламдық қаржы өнімдеріне ​нарықтық сұранысты бағалауға ​бағытталған зерттеу

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі Ислам Даму Банкінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы бөлшек және корпоративтік клиенттер арасындағы исламдық қаржы өнімдеріне нарықтық сұранысты бағалауға бағытталған зерттеуді жүргізеді.

Зерттеу нәтижелері Қазақстанда исламдық қаржы индустриясының дамуына ықпал ететін болады. Зерттеуді жүргізу жөніндегі консультант – АХҚО-ның лицензияланған қатысушысы – CSQLaw Kazakhstan Branch консалтингтік компаниясы.

Біз Сізге зерттеу барысында құпиялылық шарттары қатаң сақталатынына кепілдік береміз.

Бұл сауалнаманың нәтижелері маркетингтік зерттеу және елдік есеп түрінде ұсынылады және көпшілікке қолжетімді болады. Бұл зерттеу ислам қаржы институттарының ел халқына қолжетімді қызмет түрлері мен өнімдерінің ауқымын кеңейтуге ықпал етеді.

AIFC AI assistant