АХҚО әкімшілігі мен Гонконг Заң қоғамдастығы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Қосбаев бастаған «АХҚО әкімшілігі» АҚ өкілдері Гонконг Заң қоғамдастығының жаңадан сайланған президенті К.М. Чанмен, сондай-ақ вице-президенттер Амирали Б. Насирмен және Кристофер К.К. Юмен және Бас хатшы Хэйди Чумен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында АХҚО әкімшілігі мен Гонконг Заң қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, оның ішінде заңгерлік мамандықты реттеу саласында оң тәжірибе алмасу, pro bono аясында заң консультацияларын жүргізу, сондай-ақ АХҚО Құқық академиясы мен Гонконг Құқық академиясының платформаларында заң технологиялары және білім беру саласын мәселелері талқыланды.

АХҚО әкімшілігі Гонконгтың Заң қоғамдастығымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті және бұрын орнатылған ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін оның жаңа президентін байланыс жасауға қуанышты.  Сондай-ақ, бірлескен қызмет АХҚО юрисдикциясын одан әрі дамытуға және заң нарығы үшін әлемдік деңгейдегі құқықтық режімді құруға ықпал ететіні атап өтілді.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды көздейді.

АХҚО миссиясы өңірдің орнықты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». aifc.kz

Гонконг заң қоғамы

Гонконгтың заң қоғамы – бұл өзін-өзі реттейтін орган және Гонконгтағы солиситорлардың (адвокаттардың) кәсіби қауымдастығы. Оған ең жоғары стандарттарды сақтау үшін заң фирмалары мен адвокаттардың қызметін бақылаудың жарғылық міндеті жүктелген. hklawsoc.org.hk

AIFC AI assistant