АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Қазақстандағы жасыл қаржы» тақырыбында вебинар өткізді

2021 жылдың 7 қазанында АХҚО Жасыл қаржы орталығы және АХҚО Заң академиясы Қазақстан қор биржасымен (KASE) және PwC Kazakhstan компаниясымен бірлесе отырып «Қазақстандағы жасыл қаржы» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда спикерлер жасыл қаржыларды дамыту жөніндегі бастамалар шеңберінде АХҚО Жасыл қаржы орталығының қызметі, жасыл қаржыларға шолу және олардың Қазақстандағы келешегі, сондай-ақ KASE-де ESG облигацияларының листингі туралы презентациялар жасады.

Асель Нұрахметова, АХҚО Жасыл қаржы орталығының Кеңесшісі, жасыл облигациялар нарығына, жасыл облигациялардың келешегі мен шығарылуына шолу жасады, сондай-ақ АХҚО Жасыл қаржы орталығының тұрақты қаржыландыруды дамыту мен ілгерілету, экологиялық және әлеуметтік жобаларға инвестиция тарту, жасыл қаржыландыру құралдарын, өнімдерін және қызметтерін кеңейту бойынша қызметі туралы айтып берді.

Василий Калабин және Ақбота Асқанбай, PwC Kazakhstan компаниясының өкілдері, жасыл қаржыландыру түсінігі және олардың Қазақстандағы келешегі туралы презентация жасады. Василий Калабин, PwC Kazakhstan компаниясының менеджері, ESG-сарапшысы, тұрақты қаржы өнімдердің тұжырымдамалары мен қазіргі тенденциялар туралы сөз қозғады. Ақбота Асқанбай, PwC Kazakhstan компаниясының Корпоративтік басқару және ESG практикасының Директоры, жасыл облигациялардың стандарттары мен принциптері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Зарина Абитаева, Қазақстан қор биржасының (KASE) Эмитенттермен және инвесторлармен байланыс департаментінің Директоры, KASE-де ESG облигацияларының шығарылымы туралы презентация жасады. Зарина KASE қызметі мен даму бағыттары, ESG ақпаратын ашуға талаптары туралы, сондай-ақ листинг процедурасы және ESG облигацияларға арналған салықтық жеңілдіктер туралы айтты.

Өткізілген шараға 150-ден астам адам қатысты.

Вебинардың жазбасын мұнда қарауға болады. (Кіру коды: y=Ba&n7a)

АХҚО Жасыл қаржы орталығы жұртшылық үшін оқытушы вебинарларын ұйымдастыруға мүдделі және жасыл қаржыландыру саласындағы хабардарлықты арттыру бойынша жұмысын жалғастырады.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

 

AIFC AI assistant