АХҚО Жасыл қаржы орталығы Декарбонизацияны қолдау үшін Creon Capital-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды
AIFC Green Finance Centre Ltd. және CREON Capital S. a.r. l.өзара түсіністік және серіктестік туралы Меморандумға қол қойды, оның шеңберінде олар көміртекті ұстау, сақтау және қайта өңдеу (carbon capture storage & utilization) саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады. Құжатқа AIFC бизнесті дамыту жөніндегі Директоры Манас Гиждуаниев және CREON Capital дамыту жөніндегі Директоры Флориан Виллерсхаузен қол қойды. Іс-шара 28 қыркүйекте Мәскеуде Creon Energy ұйымдастырған CCUS 2021 конференциясы аясында өтті.
{img}
Ынтымақтастықтың ескертілген бағыттарының арасында – Париж келісімі шеңберінде Республика алған парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша Қазақстанның күш-жігеріне қолдау көрсету. Тараптар сондай-ақ көміртекті ұстап алуға, кәдеге жаратуға және сақтауға (CCUS) бағытталған жобаларды іске асыру үшін мүмкіндіктерді бірлесіп зерделейді және осы салада тәжірибе алмасатын болады. Қазақстан экологиялық жобаларды қаржыландыру үшін Люксембургте “жасыл” қаржы өнімдерін шығаруға, сондай-ақ бірлескен инвестициялар тартуға қолдау көрсете алады.
Люксембургте орналасқан CREON Capital ESG стандарттарына сәйкес келетін энергетика, жасыл технологиялар және өнеркәсіптік жобаларға инвестиция салатын Creon Energy Fund тікелей инвестициялар қорын басқарады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.