АХҚО Жасыл қаржы орталығы Алматы қаласының жылу электр станцияларын газдандыру жобасына қатысатын болады

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаевпен кездесу өткізді.

«Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін «АлЭС» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысындағы халыққа, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына жылу мен электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ірі энергия өндіруші ұйым болып табылады.

Алматы қаласының ЖЭО газдандыру жобасы – Алматы қаласының ауа сапасын жақсарту және зиянды шығарындыларды азайту жөніндегі аса маңызды жоба болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың жеке бақылауында.

Алматы қаласының ЖЭО газдандыру жобасының маңызды қаржылық серіктесі Еуразиялық Даму Банкі болды, ол жайлы жағдайлар мен қаржыландыру схемаларын жасауға ниетті. 2021 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде өткен екінші Еуразиялық форум аясында Еуразиялық Даму Банкі мен «АлЭС» АҚ арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Кездесуде Айдар Қазыбаев ынтымақтастық үшін бірқатар бағыттарды ұсынды, атап айтқанда, жасыл облигацияларды орналастыру арқылы АЛЭС жасыл жобаларын қаржыландыру үшін қажетті қаражатты тарту, қолданыстағы немесе жобаланатын технологиялық шешімдерді сараптамалық бағалау және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында технологиялық аудит жүргізу. Сондай-ақ кәсіпорынның белсенді қызметінің аумақтарында Еуразиялық экологиялық қормен бірлесіп ағаш отырғызу, сондай-ақ АлЭС жауапты қызметкерлері мен жобалау менеджерлері үшін жобалық менеджмент бойынша оқыту мастер-кластарын өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар сутегін пайдалана отырып, Алматы ЖЭО-3, газ қуатын арттыру бойынша ЖЭО-1, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС (9 шағын ГЭС) Еуразия даму банкін тарта отырып, қайта құру бойынша бірқатар жобаларды іске асыруда ынтымақтасуға уағдаласты.

Жақын арада тараптар бірлескен іс-шаралар жоспарымен тиісті екіжақты Келісімге қол қояды.

 

Анықтамалық ақпарат

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған.

 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.

Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады».

www.aifc.kz

 

АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant