АХҚО көлік және логистика саласындағы ірі түрік инвесторы – S Sistem Lojistik компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және ірі түрік көлік-логистикалық операторы S Sistem Lojistik  компаниясы түрік бизнесінің көшбасшыларымен дөңгелек үстел аясында Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудағы ынтымақтастық, көлік-логистикалық жобаларға инвестициялау саласында озық тәжірибемен және біліммен алмасу туралы келісті.

Келісім АХҚО экожүйесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында логистикалық хабтар құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

S Sistem Lojistik компаниясының Түркияның төрт ірі әуежайын (Измир, Анкара, Анталия және Стамбул) қоса алғанда, 100 000 шаршы метрден астам қойма орынжайлары бар.

Жобаны іске асыру аясында ауданы 200 мың шаршы метр қойма орынжайлар мен әкімшілік ғимарат салу, көлік құралдары мен жабдықтар сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялармен Алматы облысында логистикалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

  

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде қалыптасау.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant