AFSA және Мажарстан Орталық Банкі Magyar Nemzeti Bank (MNB) өзара ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойып, байланысты нығайтуға келісті

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) және Венгрияның Орталық Банкі Magyar Nemzeti Bank (MNB) Будапешт Еуразиялық форумы аясында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл маңызды келісім екі реттеушінің де қаржы секторындағы трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтап ілгерілетуге және қаржы нарықтары бойынша ақпарат алмасуға бағытталған серіктестікті кеңейту ниетін көрсетеді. Екі тарап реттеуші қадағалаудың жоғары талаптарын сақтауға әрі тұрақты, серпінді қаржылық экожүйені дамытуға міндеттенеді.

AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов келесідей пікір білдірді: «Magyar Nemzeti Bank-пен жасалған бұл келісім терең байланыстарымызды нығайтудағы және AFSA мен MNB арасындағы стратегиялық серіктестікті орнатудағы маңызды қадам болды деп есептеймін. Біз инновацияларды қолдайтын, реттеудің тиімділігін арттыратын және қаржы нарықтарымыздың тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін ортаны құруға ұмтылудамыз».

Өзара келісімге қол қоюға форумнан бір күн бұрын өткен AFSA және Венгрия қорлары мен активтерді басқару компаниялары қауымдастығының (BAMOSZ) бірлескен ақпараттық сессиясының өтуі бірден-бір себепші болды. Аталған іс-шараға активтерді басқару бойынша 12 мажарстандық компания қатысқан болатын.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс үшін: Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45; [email protected]

AIFC AI assistant