Нұр-Сұлтанда Мажар инновациялары көрмесінің ашылу рәсімі өтті
Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ағымдағы жылдың 26-28 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында көрме өткізді. Венгрия инновациялары көрмесінің ашылу салтанаты 26 мамырда сағат 11:00-де The St. Regis Astana қонақүйінде өтті, оның шеңберінде венгриялық компаниялар өздерінің жаңашыл өнімдерін: “flAVATAR” – Magical Flowers (жанатын табиғи гүлдер мен өсімдіктер); “weberNEON” (жанатын құрылыс материалдары); “GLORO” (жанатын жол белгілері мен таңбалар) және “RapidAsfalt” (жолдар мен автомобиль жолдарына арналған арнайы беткі қабат) ұсынды.
{img}
Рәсімді Венгрия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Матяш Галошфаи ашты:
«Біз бүгінгі өте қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді ескере отырып, осы іс-шараны салтанатты түрде ашқаныма өте қуаныштымын. Ауылшаруашылық оқу орталығын және бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ, елордада венгриялық мәдени гастрономиялық орталықты құру мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, Түркістанда 30 миллион доллар инвестиция көлемімен бірлескен банк құрылысы жоспарланып отыр. Біз Қазақстанның «жасыл экономикаға» көбірек көңіл бөлуге ұмтылысын қолдаймыз. Көрмелер Қазақстанда өздерінің инновацияларын ұсына алар еді. Компанияның өнімдері барлық ғимараттар мен дизайн құрылғыларының қалалық сәндік жарықтандыруына, сондай-ақ 2020 жылы іске қосылған Нұр-Сұлтанның «Kazakhstan – City of Lights» имидждік мәдениеті тұжырымдамасына толық сәйкес келеді. Венгриялық компаниялардың орнықты дамуы дәстүрлі жарықтандыруға балама бола алады.
Назар аударғаныңызға рақмет! Рақмет!»
{img}
«Іс-шараның құрметті қатысушылары мен қонақтары. Венгрия инновациялары көрмесінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.
Мен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Келімбетов Қайрат Нематұлының атынан құттықтау сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мен Венгрияның қарым-қатынасы ерекше, бізді тарихи және тығыз сауда-экономикалық ынтымақтастық біріктіреді. 2019 жылы АХҚО алаңында Венгриялық Экспорттық-импорттық банк өкілдігі сәтті іске қосылды, бұл Венгрияның іскери қауымдастығы үшін өз қызметін Қазақстанда және тұтастай өңірде кеңейтуде маңызды оқиға болып табылады. Біз сондай-ақ Венгриядағы серіктестермен бірге капитал нарығын жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде АХҚО Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ең қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталықтарының бірі болып табылатынын білесіздер. Қазірдің өзінде АХҚО-да 790-нан астам халықаралық қаржы, сақтандыру және финтех компаниялары тіркелген. Біздің бірлескен жұмысымыз бен серіктестігіміздің беріктігі белгіленген барлық мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жемісті еңбек тілеймін!
Назарларыңызға рахмет.» – деді АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы – бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржының дамуына жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Басты мақсаты – тұрақты экономикаға инвестицияларды жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тарту. Одан басқа, АХҚО Жасыл қаржы орталығы өңірлік талдама орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және орнықты даму салаларында стратегиялық және бизнес-консультациялар ұсынады. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторларға және нарық ойыншыларына АХҚО Биржасында жасыл облигациялар шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.