«4ӨР дәуіріндегі жаңа Қазақстан» AFD сессиясында Жаңа Қазақстанның тұрақты және әлеуметтік дамуы тақырыбы аясында талқыланды
Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революциясының (4IR) еншілес Орталығында «4ӨР дәуіріндегі жаңа Қазақстан» панельдік сессиясы өтті. Қазақстан мен Орталық Азияның инновациялық дамуына жаңа серпін ретінде Жаңа Қазақстанның тұрақты және әлеуметтік дамуы және Индустрия 4.0. тақырыптары бойынша дискуссия жүргізілді. Қазіргі уақытта орын алып жатқан саяси шыңдықтарды ескере отыра, жаңа технологиялардың жаһандық тенденциялары бойынша дискуссия қатысушылары талқылады.
Келімбетов Қайрат Нематұлы – «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының басқарушы директоры жаңа технологияларды енгізу және пайдалану Индустрия 4.0 жаһандық трендіне негізделген екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Төртінші өнеркәсіптік революциясының (4IR) еншілес Орталығының үлкен мүмкіндіктері жайында Желі және Серіктестіктер бөлімінің басшысы және Дүниежүзілік экономикалық форумның Атқару комитетінің мүшесі Себастьян Бэкап айтып өтті.
DPIDG/UN DESA цифрлық үкімет департаментінің басшысы Винченцо Акваро Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша Департаменті «Регулятивная песочница» механизмі бойынша Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста екендігі бойынша бөлісіп өтті.
Макс Чжао Сю – Қазақстандағы Huawei Technologies компаниясының бас директоры қазіргі уақытта Huawei компаниясы 4G/5G технологияларын енгізу арқылы Қазақстанның ақпараттық жүйелерді дамытуы бойынша белсенді ат салысуы бойынша бөлісіп өтті.
Әбдірәсілов Арман Асқарұлы – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» басқарма төрағасы қазіргі таңда цифрландыру үрдісі әрбір азаматтың өміріндегі басты элемент екендігін атап өтті.
OneWeb компаниясының Market Access директоры Иван Зайцев Индустрия 4.0 жүйесіне көшуді жеделдету үшін Қазақстанға заманауи цифрлық әдістер мен құралдар қажет екенін атап өтті.
Анықтамалық акпарат:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес ХҚК-ның негізгі міндеті ЕАЭО елдерін, Орталық Азия мен Кавказды байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнықтыру болып табылады. www.aifc.kz
Tech Hub АХҚО – міндеттеріне стартап-экожүйені, венчурлік Индустрия нарығын, электрондық коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және Қазақстандағы жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0) дамытуға жәрдемдесу кіретін “Астана” халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі. және т.б.). Халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, Tech Hub нарық ойыншыларын қолдау бағдарламаларын жүргізеді, АХҚО юрисдикциясының реттеуші құмсалғыш шеңберінде венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және жаңа финтех шешімдерді тестілеуге жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz
Төртінші өнеркәсіптік революцияның еншілес орталығын (4IR) дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (ҚР ICDIAP) бірлесіп 2021 жылдың шілдесінде іске қосты. Қазақстандағы еншілес 4PR орталығы, Tech Hub бөлігі ретінде АХҚО Индустрия 4.0 бағытын жүзеге асырады және эксклюзивті мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.