Thomas Murray AIX Орталық депозитарийіне “Қайта қарау” болжамымен “А” деңгейіндегі тәуекел бағасын берді

Бүкіл әлем бойынша сауда-саттықтан кейінгі және кастодиандық тәуекелдерді бағалайтын Thomas Murray компаниясы алғаш рет Astana International Exchange (AIX CSD) Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің тәуекелдерін бағалап, оған “А” деңгейін берді, бұл “Төмен тәуекел” дегенді білдіреді. 

“А” деңгейіндегі кешенді бағалау тәуекелдің сегіз жеке компоненті бойынша орташа өлшемді мәнді көрсетеді және “Қайта қарауда” болжамымен тәуекелге ұшыраудың төмен дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл баға AIX CSD Еуразиялық орталық депозитарийлердің (A-) арасындағы орташа мәннен жоғары және Thomas Murray қамтитын Азия-Тынық мұхиты өңірі (A+) депозитарийлерінің арасындағы орташа мәннен төмен сатыға қояды.

AIX-те сауда-саттық басталған сәттен бастап 2018 жылдың қараша айында “Астана” халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), AIX CSD және оның бас Astana International Exchange (AIX) компаниясы нарық қатысушыларының қажеттіліктерін қарапайым, инновациялық және салыстырмалы қауіпсіз және тиімді бастамалар арқылы қанағаттандыратын модельді іске асырумен жұмыс істейді.

Джим Миклетуейт, директор, Thomas Murray операциялық бағытының басшысы: 
“Біз AIX CSD тәуекеліне алғаш рет кешенді бағалау өткізілгендігін қуана хабарлаймыз.  Оның нәтижелері қысқа мерзімде қауіпсіз және тиімді пост-трейд инфрақұрылымын енгізген AIX CSD жетістіктерін көрсетеді. Біз AIX CSD нарықтың өсуіне қарай өз қызметін жетілдіріп, ең үздік әлемдік тәжірибені енгізуді жалғастыратынын қадағалайтын боламыз.”

AIX CSD бас директоры Анна Колесниченко былай деп атап өтті: 
 ” AIX CSD-дің бір жылдан кем жұмыс істегендігін ескере отырып, оның тәуекелінің төмен тәуекелді білдіретін “A” деңгейіндегі алғашқы бағасы бізді қатты қуантады. Thomas Murray орталық депозитарийлерді бағалаудың бірден-бір жаһандық эталоны болып табылады және біз ие болған баға бірінші деңгейдегі кастодиандардың AIX CSD-ге қосылуына ықпал етеді деп санаймыз. Біз сондай-ақ уақыт өте келе AIX CSD қол жеткізілген прогресті бағалауда Thomas Murray-мен одан әрі ынтымақтастық жасаймыз деп үміттенеміз.”

Орталық депозитарийдің тәуекелін бағалау инвесторларға орталық депозитарий іске асыратын және бағалы қағаздарға құқықты қауіпсіз сақтау мен есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мәмілелер бойынша уақтылы есеп айырысулар мен клирингті жүзеге асыруға бағытталған процестердегі тәуекелдер деңгейі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бағалау кезінде тәуекелдердің 8 негізгі түрі ескеріледі. Бағалау кезінде пайдаланылатын әдіснама депозитарийдің операциялық қызметінің тиімділігі мен сапасын, сондай-ақ оның өз клиенттерінің ықтимал шығындарын алдын алуға қабілеттілігі мен дайындығын ескереді. Бағалау шеңберінде депозитарий көрсететін қызметтердің спектрі мен сапасы да бағаланады. Тәуекел деңгейін анықтау шкаласы халықаралық бағалау шкаласына сәйкес келеді: ААА-дан С.С-қа дейін Тһомаѕ Murray бағасын берген сәттен бастап депозитарий қызметіне тұрақты мониторинг жүргізеді.

Thomas Murray есебінің толық мәтіні сұрату бойынша қол жетімді. 


Сұраулар:

AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар беру есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ “Белдеу және Жол” бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. “Астана” халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIX CSD – АХҚО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген,  қолма-қол ақшамен күнделікті операцияларға, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар және депозитарлық қызмет үшін жауап беретін жеке компания. AIX CSD қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензиясы бар. AFSA сондай-ақ AIX жанында бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің реттеушісі ретінде әрекет етеді. AIX CSD AIX айрықша меншігі болып табылады.

Thomas Murray – бұл жаһандық бағалы қағаздар нарығында маманданған тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді басқару және зерттеулер жөніндегі мамандандырылған компания. Thomas Murray 1994 жылы құрылған. Компания бүкіл әлем бойынша 320-ден астам депозитарийге мониторинг пен талдауды жүзеге асырады және 140-тан астам орталық депозитарий, 30 орталық контрагент және капитал нарығының 90-нан астам инфрақұрылымы тәуекелін бағалайды. Компания жаһандық кастодиандарға, жергілікті кастодиандық банктерге және капитал нарығының инфрақұрылымдарына қатысты мемлекеттік және жеке зерттеулер үшін тәуекелді бағалауды ұсынуда берік позицияға ие. https://thomasmurray.com

AIFC AI assistant