АХҚО Жасыл қаржы орталығы Лондон қор биржасының тұрақты облигациялары нарығының облигациялары үшін сыртқы шолуды ұсына алады

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (Орталық) ұсынатын сыртқы шолуларды Лондон қор биржасы Sustainable Bond Market (SBM) белгісімен саудаланатын облигациялар үшін эмитенттен тәуелсіз және мүдделер қайшылығы болмаған жағдайда таниды. Бұл Орталықты 2021 жылы Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) сыртқы шолу провайдерлерінің картасына енгізу арқылы мүмкін болды.

Орталық 2020 жылдан бастап тұрақты облигациялар мен несиелерді сыртқы бағалау бойынша қызмет көрсетеді. Өткен жылы орталықтың ең ірі жобаларының бірі Halyk Bank-тің 7.9 млрд.теңге сомасындағы жасыл кредитін верификациялау, сондай-ақ көлемі 18.4 млрд. теңге Самұрық-Энерго жасыл облигациялары болды.

Лондон қор биржасы – әлемдегі ең ірі биржалардың алғашқысы “жасыл” облигацияларға арналған арнайы сегментті іске қосты. Қазіргі уақытта SBM жапсырмасы әртүрлі эмитенттердің 260-тан астам борыштық құралдарын сатады.

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant