Venture Rocket Eurasia Demo Day жобасын іске қосады

Venture Rocket Eurasia “Астана” Халықаралық Қаржы Орталығының Финтех хабымен (АХҚО), Starta Ventures америкалық-ресейлік венчурлық қорымен және Qazangels бизнес-періштелер клубымен бірлесіп ұйымдастырылған венчурлық инвестициялау мектебі, білім беру онлайн-бастамасы шеңберінде Demo Day жобасын іске қосады.

Demo Day-венчурлық инвестициялау мектебінің ақтық кезеңі, ол 15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 17:00-19:00-де өтеді. Іс-шара тегін онлайн-воркшоп түрінде өтеді:

– Стартаптар презентациясы (retail, Saas, fintech және agrotech индустриясынан 5 жоба);

– Негізгі көрсеткіштер мен индикаторларды талдау;

– Шақырылған инвесторлармен инвестициялық мүмкіндіктерді практикалық талдау;

– Нетворкинг;

Venture Rocket Eurasia платформасының тұсаукесері.

Іс – шара барысында тіркелген қатысушылар шақырылған судья-тәжірибелі инвесторлармен бірге технологиялық стартаптарды бағалай алады, олар: Qazangels басшысы Әнуар Сеифуллин; Sturgeon Capital Лондон инвестициялық компния Инвестициялар жөніндегі директоры Робин Батлер (Robin Butler); Орталық Азияның технологиялық компаниялары үшін жетекші венчурлық қордың Инвестициялар жөніндегі директоры Руслан Рақымбай; Алим Хамитов, MOST Ventures венчурлық қорының және акселераторының Басқарма Төрағасы және негізін қалаушысы; Михаил Шатров, интернет-бастамаларды дамыту қорының (ФРИИ) маркетинг және скаутинг бөлімінің бастығы және басқалар.

Demo күніне тіркелу 15 маусым сағат 17-ге дейін ашық: https://venturerocket.vc/ru/education

 

Анықтамалық ақпарат:

Venture Rocket Eurasia  – АХҚО Финтех хабы мен Titanium Technologies жаһандық ғылыми-зерттеу және инновациялық компаниясы құрған стартаптардың экожүйесін инвестициялау және басқаруға арналған платформа.

Платформа стартаптар үшін аймақтық және жаһандық балама капитал көздерін тартуға мүмкіндік береді. Инвесторлар үшін бұл платформа дәлелденген стартаптармен ынтымақтасу, серіктестермен бірге инвестициялау, өздерінің стартап портфелін қолдау үшін экожүйе мүшелерінің ғаламдық желісіне қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. https://venturerocket.vc/

АХҚО Финтех хабы – бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу нүктесі. АХҚО-да финтехтің дамуы стартаптарды, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын қолдау бағдарламаларын, финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді тестілеуге мүмкіндік беретін арнайы әзірленген ережелер мен реттеушіні қамтиды. https://fintech.aifc.kz/

Titanium Technologies Group – бұл технологиялық және бизнес аспектілерінде стартаптарға мамандандырылған ғылыми-зерттеу және инновациялық компаниялар тобы. https://titanium-tech.net/

AIFC AI assistant