Халықаралық Қаржы Орталықтарының Әлемдік Қауымдастығы «Жаһандық қаржы орталықтары COVID-19 пандемиясына қарсы күресуге қалай көмектесе алады?» атты баяндамасын жариялады

Адамзат қазір тарихтағы ең қиын сәттерді бастан өткеруде. Қалай дегенде де, COVID-19 пандемиясы мен оның таралуының алдын алу шаралары әлемдік экономика мен қаржы жүйесі тепе-теңдігіне айтарлықтай зиян келтірмек. Бар болғаны бірнеше аптада ғана экономикалық өсім тоқтап, кейін құлдырады. Бұл үшін шекара жоқ және экономикалық шаралар оқшаулана алмайды. Осындай жаһандық деңгейдегі дағдарысқа әлем дайын болғанда қазір жағдай басқаша болар ма еді?

Халықаралық Қаржы Орталықтарының Әлемдік Қауымдастығы (ХҚОӘҚ) төрт құрлықтың ең үздік қаржы орталықтарының жаһандық қауымдастығы. Біздің ойымызша, қазір шекараны ұмытып, бәсекені былай қойып, ынтымақтастықты арттырып, үздік тәжірибелерімізбен алмасатын уақыт. Жаһандық қиындықтар жаһандық шешімді қажет етеді деп ойлаймыз.

Қауымдастық мүшесі Майндағы Франкфурт Қаржы Орталығымен бірге ХҚОӘҚ «Жаһандық қаржы орталықтары COVID-19 пандемиясына қарсы күресуге қалай көмектесе алады?» атты баяндаманы жариялады. Онда өткеннен алынған сабақ пен қауымдастық мүшелерінің қазір қолға алып жатқан шаралары қамтылған.

Баяндамада Гонконг Қаржы Қызметтерін Дамыту Кеңесінің атқарушы директоры Кристофер Хью Гонконгтың 2003 жылғы SARS дағдарысын қалай тез жеңгенін және одан қандай сабақ алғанын айтады: «SARS тәжірибесі бізді СOVID-2019 дағдарысына барынша жедел әрекет етуге үйретті», – дейді атқарушы директор.

FinCity.Tokyo төрағасы Хироши Накасо 2011 жылғы Тохоку жер сілкінісінен алған тәжірибесімен бөліседі: «Жапон банкі дағдарыс туындаған кезде дереу әрекет етуге әбден үйренген», – дейді.

Баяндаманы мына сілтемеден тегін көшіріп алуға болады: https://waifc.finance/resources

 

Арно де Брессон, ХҚОӘҚ директорлар кеңесірің төрағасы, Париж Еуроалаңы басқарма төрағасы:

«Біріншіден, әлемдегі барлық мемлекеттер алаңдап отыр, тиісінше бәріміз бір кемедеміз. Бұл соғыста жеңіске жету үшін бәріміз бірігіп әрекет етуіміз керек. Екіншіден, біз экономикалық моделімізді қайта қарап, ұзақмерзімді жоспарларымыз бен тұрақты экономикаға басымдық беруіміз қажет. Бұл дегеніңіз қоршаған орта мен әлеуметтік мәселелер. ХҚОӘҚ-ның мақсаты да осыған және ұзақмерзімді әріптестікке қол жеткізу».

 

Хубертус Вэт, ХҚОӘҚ директорлар кеңесінің мүшесі және Майндағы Франкфурт Қаржы орталығының атқарушы директоры:

«Біз бір бірімізден және тарихтан сабақ алуымыз керек. Гонконг немесе Токио секілді қаржы орталықтары ертеректе болған осы секілді дағдарыспен өз деңгейінде күресе алды. Біз осы тәжірибеге қарауымыз керек. Бұл біздің осы баяндамамыздың негізгі мақсаты. Біз бүгінгі күннің үздік тәжірибелері мен қолға алынып жатқан шараларын ғана айтып қоймай, тарихи тәжірибелерге де көз жүгіртеміз. Бұл біздің қаржы жүйеміздің дұрыс шара қолдануы мен әлемнің дағдарыс жағдайында оң шешім қабылдауына мүмкіндік береді».

 

Доктор Йохен Бидерман, ХҚОӘҚ атқарушы директоры:

«Біздің мүшелеріміз, әлемнің алдыңғы қатарлы қаржы орталықтары, қазіргі дағдарысты еңсеру және жылдам экономикалық өсімге жету үшін тізе қосып жұмыс істейді. Әрбір мүшеміздің өзіне тиісті жұмысты атқаруы жақсылықтың нышаны және ары қарай еңбектене түсуге ынталандырады».

 

Анықтамалық ақпарат:

Халықаралық Қаржы Орталықтарының Әлемдік Қауымдастығы (ХҚОӘҚ) Бельгияда орналасқан халықаралық қауымдастық. Қауымдастыққа төрт құрлықтан 16 қаржы орталығы мүше. Олар қала әкімшіліктері, қауымдастықтар және осы секілді қаржы орталықтарын дамытушы және ілгерілетуші институттар.

Технологияның тез өзгеріп, әлеуметтік өзгерістердің жедел болып жатқан қазіргі уақытында қаржы орталықтары экономикалық өсім үшін өте маңызды орынға ие. ХҚОӘҚ мақсаты – ынтымақтастықты қамтамасыз ететін ашық байланыс құру және жекелеген мемлекеттер мен жаһандық экономиканың өрлеуі және әлеуметтік даму үшін халықаралық қаржы орталықтарының маңызын терең түсінуде үздік тәжірибелермен алмасу.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. aifc.zuweb.co