Қытай құрылыс банкі АХҚО лицензиясын алды
Қытай құрылыс банкі (China Construction Bank, CCB) «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызмет көрсетуге лицензия алды. CCB АХҚО аумағындағы өз филиалы арқылы банк қызметтері мен капитал нарығы саласындағы қызметпен айналысатын болады. China Construction Bank активтер көлемі бойынша әлемдегі екінші банк және АХҚО-дағы шетелдік банктің алғашқы лицензияланған филиалы.
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) лицензиясын банк өкілдеріне АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен Пекин қаласындағы «Белдеу және жол» екінші форумының алаңында табыс етілді.
Қ. Келімбетов: «Біз жаңа Жібек жолы мен компанияларға тартымды реттеуіш режимді ұсына отырып, «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі географиялық орналасуымызды толық көлемде пайдалануға ниеттіміз. Еуропа мен Қытай арасындағы стратегиялық орналасуының арқасында АХҚО Еуразия аумағындағы жобалар үшін қаржылық қызметтер хабына айналмақ».
AFSA бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев АФSA қатысушылары арасында CCB-ны қарсы алуға қуанышты екенін атап өтті.
CCB басқарма төрағасы Тянь Голи: «Белдеу және жол» бастамасы алғаш рет Жаңа Жібек жолы бойындағы ең маңызды елдердің бірі Қазақстанда ұсынылған болатын. «Астана» филиалының ашылуы – аталған бастамаға ССВ жауабы», – деп атап өтті.
Банк төрағасы, сонымен қатар, «Астана» филиалы Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты қолдау мақсатында CCB тобының бар мүмкіндіктеріне ие болады. Филиал «Белдеу және жол» бастамасының жүзеге асырылуына себептесіп, Қытай мен Қазақстан өндірістік қуаттарының дамуы мен өзара ықпалдасуы мақсатында жоғары стандартты қаржылық ұсыныстар көрсетеді. Сонымен қатар, CCB АХҚО-да Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қаржы ынтымақтастығының жаңа платформасын құруды көздейді», – деді.
Сұраулар:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық өз қызметін 2015 жылғы желтоқсанда қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері мен капитал нарықтары саласында, бағалы қағаздарды, банктік қызметтерді және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда, инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тарту болып табылады.
www.aifc.kz
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО ережелері мен ережелерін жүзеге асырады, олар қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды көздейді.
www.afsa.kz
China Construction Bank (CCB) Corporation 1954 жылдың қазан айында құрылған, штаб-пәтері ҚХР, Пекин қаласында орналасқан. Компания қаржылық және банктік қызметтерді ұсынады. Қытайдың ірі банктерінің бірі ССВ ҚХР-ның мемлекет иелігіндегі үлкен коммерциялық төрт банкінің қатарына кіреді. China Construction Bank желісі құрлықтық Қытай аумағында 15 000 жуық бөлімшеден тұрады. «Астана» филиалынан басқа Банктің әлемнің 29 елінде филиал мен бөлімшелері бар: Гонконг, Сингапур, Йоханнесбург, Токио, Сеул, Нью-Йорк, Сидней, Люксембург, Куала-Лумпур және т.б.
http://en.ccb.com/en/home/indexv3.html