AFSA шынайы аты белгісіз, бірақ өзін Nurlan Asilbekov ретінде таныстыратын жалған лицензиясы бар тұлғаның әрекеттері туралы ескертеді

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті («AFSA») өзін Nurlan Asilbekov ретінде таныстыратын тұлғаның ықтимал алаяқтық әрекеттеріне қатысты осы ескертуді шығарды.

AFSA аталған тұлғаның AFSA тарапынан Bybit Limited компаниясына цифрлық активтерді сату платформасын басқару нарықтық қызметімен айланысу үшін 2023 жылдың 7 маусымында берілген (№ AFSA-G-LA-2023-0004) лицензияның жалған нұсқасын пайдалана отырып, Telegram-дағы жеке арнасы арқылы қаржылық жарнамамен айналысатынын анықтады.

Жалған лицензияда аталмыш тұлғаның аты-жөні жазылған, ал AFSA лицензияларының түпнұсқасында мұндай дерек ешқашан көрсетілмейді және AFSA жеке тұлғаларға лицензия бермейді, лицензиялар тек заңды тұлғаларға беріледі. 

AFSA жұртшылықты AFSA лицензиясы негізінде қаржылық қызмет көрсететінін мәлімдейтін адамдармен жұмыс істеу кезінде барынша сақтық таныту қажеттілігі туралы ескертеді және жұртшылықты AFSA лицензиясы бар және/немесе тіркелген заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізіліммен танысуға шақырады. Бұл қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын заңды тұлғаның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізу үшін өте маңызды қадам. 

Сонымен қатар, Bybit Limited өз веб-сайтында пайдаланушыларға Bybit дереккөздерінің түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін келесі құралды ұсынады: Bybit-идентификатор | Деректі тексеру.

Лицензиясы жоқ қатысушылармен өзара іс-қимыл жасайтын тұлғалар қауіп пен тәуекелді толығымен өз мойнына алады және оларды «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық және реттеуші жүйесі қорғай алмауы мүмкін. 

Анықтама үшін: 

Анықтама ретінде:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 85 елден 3800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected] 

AIFC Services Assistant