АХҚО халықаралық мамандарға арналған Expat Loyalty Club қоғамдастығын іске қосты

18 сәуірде «Астана» халықаралық қаржы орталығының Экспат орталығы Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін шетелдік мамандар мен олардың отбасы мүшелері қатыса алатын Expat Loyalty Club қоғамдастығын ресми түрде іске қосты. Қоғамдастық жұмысын іске қосу Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара форматында өтті.  

Экспат орталығындағы мамандар атап өткендей қоғамдастықтың мақсаты – халықаралық мамандардың Қазақстанда тұруын жайлы ету, мәдени алмасу және нетворкинг үшін жағдай жасау. Мысалы, қоғамдастық мүшелері әртүрлі қызмет көрсетушілердің эксклюзивті ұсыныстарын, сондай-ақ мәдени іс-шараларды ұсынатын Адалдық клубына қол жеткізе алады. 

Бұл бағдарлама халықаралық сарапшыларға жаңа ортаға енуге, адамдармен байланыс орнатуға көмектеседі. Expat Loyalty Club жүйесі Қазақстанда жұмыс істейтін барлық шетелдік азаматтар үшін ашық және АХҚО қатысушыларын ғана емес, инвесторларды, сарапшыларды, кәсіпкерлерді, дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерін де қамтиды.  

Бағдарлама қатысушысы картасымен шетелдік мамандар қонақүйлер, тұрғын үйлер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, мейрамханалар, фитнес-орталықтар, сұлулық салондар, емханалар, мектептер, балабақшаларды және т.б. қоса алғанда, АХҚО серіктестерінен арнайы жеңілдіктер ала алады. 

Шетелдік қонақтарға арналған іс-шарада қаржы орталығының өкілдері Expat Loyalty Club-ты ашты, сондай-ақ Экспат орталығында қолжетімді сервистер мен қызметтер туралы айтып берді. 

Іс-шараның бас демеушісі Ardingly College британдық мектептің аймақтағы бірінші филиалы – Ardingly Astana мектебі болды. Сондай-ақ демеушілер мен серіктестер қатарында Tulip Medicine, International SOS, Wyndham Residences Aqkol, TOR’RE ASTANA Trademark Collection by Wyndham, Ribambelle Restaurant және Safi Booк бар.  

Анықтама үшін: 

АХҚО Экспат орталығы – шетелдік инвесторлардың, АХҚО қатысушыларының қызметкерлерінің және Астанаға келген шетелдік азаматтар үшін ел аумағында болуына қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ шетелдік азаматтардың қазақстандық қоғамға кедергісіз кірігуін қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған көпфункционалды орталық. Экспат орталығы мемлекеттік қызметтердің кең спектріне, сондай-ақ ағылшын тілінде «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік интеграция қызметтеріне қолжетімділікті ұсынады.

     

AIFC Services Assistant