Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы АХҚО-ға сапар жасады

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам 7 мамырда «Астана» халықаралық қаржы орталығына сапар жасады.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров жоғары дәрежелі қонақты қаржы орталығымен таныстырып, оның қызметінің нәтижелері мен инвестициялар тарту және өңірлік бастамаларды дамыту мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Қазіргі уақытта қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3 800-ден астам компания тіркелген. АХҚО алаңы арқылы Қазақстан экономикасына 14,7 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды.
Бұдан басқа, То Лам ағылшын жалпы құқығының қағидаттарына негізделген АХҚО юрисдикциясы мен реттеуші режимінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының қызметімен танысты.
Қазақстан мен Вьетнам екіжақты деңгейде де, ЕАЭО елдерімен еркін сауда режимін қоса алғанда, халықаралық келісімдер деңгейінде де сауда-экономикалық байланыстарды ұстанатынын айта кету керек. Соңғы үш жылда – 2022 жылдан 2024 жылға дейін екі мемлекет арасындағы тауар айналымы шамамен 2,37 млрд долларды құрады. АХҚО-да Вьетнамнан екі компания тіркелген: Elisoft Ltd. бағдарламалық жасақтаманы әзірлеумен айналысады және авиация саласына инвестиция салумен айналысатын Central Asia Holdings Limited.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz


