АХҚО Жасыл қаржы орталығы және Havel Group Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бірінші Еуразиялық конгреске қатысу аясында АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев пен Havel Group Бас директорының орынбасары Алексей Башкатов жасыл қаржы саласындағы серіктестік мәселелері жөнінде Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойды.

Бұл Меморандум АХҚО биржасында жасыл облигациялар шығару, Орталықтың жасыл қаржыландырумен байланысты іс-шараларына қатысу және Тараптарды өңірлік әрі халықаралық деңгейде өзара ілгерілету сияқты салалардағы ынтымақтастықты көздейді. Бұдан бөлек, Havel мәмілелер жасасу кезінде АХҚО-ның Халықаралық төрелік орталығы мен сотының мүмкіндіктерін пайдалануға ниет білдірді, сондай-ақ субсидиялау тетіктері болған жағдайда жасыл облигациялар шығару мүмкіндігін қарастыруда.

Меморандум Тараптарға Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларына арналған жасыл қаржыландыру құралдарын ілгерілетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде басқа компанияларды экологиялық жобаларды қаржыландыру мақсатында жасыл облигацияларды пайдалануға ынталандырады.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

 

AIFC AI assistant