Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев 2021 жылы 28-29 сәуірде АХҚО ресми делегациясы құрамында ЕАЭО Еуразиялық Үкіметаралық кеңесінің отырысы аясында Қазан қаласына барды.
Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев 2021 жылы 28-29 сәуірде АХҚО ресми делегациясы құрамында ЕАЭО Еуразиялық Үкіметаралық кеңесінің отырысы аясында Қазан қаласына барды.
Сапар барысында делегация Иннополис қаласына болды, онда Иннополис Университетінің қызметімен, «Иннополис» экономикалық аймағының жұмысымен танысты, АХҚО, «Иннополис» АЭА» АҚ және «Сахих инвест» ЖШҚ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде нәтижелі келіссөздер жүргізілді. Атап айтқанда, «Сахих инвест» ЖШҚ жасыл қаржыландыру мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда.
2021 жылдың 28 сәуірінде Қазан Еділ Федералды университетіне (бұдан әрі – ҚФУ) барған кезде А.Қазыбаев пен университеттің сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Т.Алишев ұзақ мерзімді серіктестік байланыс орнату және бірлескен іс-шараларды іске асыру мақсатында «AIFC Green Finance Centre» мен ҚФУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ресейдегі ежелгі жоғары оқу орындарының бірі, елдің алғашқы он оқу орнының бірі саналатын Қазан университеті өзінің академиялық базасын белсенді дамытып келеді, университет студенттерінің саны өсуде, бұл жатақхана қорын кеңейтуді талап етеді. Осыған байланысты АХҚО арқылы жасыл облигациялар шығару арқылы құрылысқа инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар экологиялық білім беру және менеджерлерді даярлау, фармацевтика индустриясын, телемедицинаны дамыту саласындағы ынтымақтастық қызығушылық туғызды. ҚФУ базасында Геология және мұнай-газ технологиялары институты, сондай-ақ Экология және табиғатты пайдалану институты, Карбон полигоны жұмыс істейді, олардың CO2 эмиссиясын азайтудағы жұмыс тәжірибесін зерделеу Орталық үшін үлкен қызығушылық тудырады. Осыған байланысты ҚФУ басшылығының на Green Growth Forum форумына спикер ретінде қатысуы туралы уағдаласушылыққа қол жеткізілді.
2021 жылдың 29 сәуірінде А.Қазыбаев еуразиялық компанияларды құру перспективаларын талқылау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі алқа мүшесі (министрі) А.Камалянмен кездесті. Қазіргі уақытта АХҚО ЖҚО ЕЭК-пен бірлесіп АХҚО-да Еуразиялық зергерлік бұйымдарды экспорттау бюросын құру және тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, ЕЭК алаңында басқа да еуразиялық компанияларды құру талқыланып жатыр, осыған байланысты А.Қазыбаев АХҚО тарапынан осы жұмысқа жәрдемдесуге, оның ішінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
А.Қазыбаев А.Камалянды 2021 жылдың 1-2 шілдесінде өтетін Astana Finance Days іс-шарасына еуразиялық интеграциялық бастамаларды институттандыру жөніндегі сессияның спикері ретінде қатысуға шақырды.