ЕАЭО Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті 2022 жылы АХҚО-да өтеді

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың Қаржы-банктік қауымдастығының Бақылау кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Отырыс 2021 жылдың 8 желтоқсанында Еуразиялық Экономикалық Комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Р.Бекетаевтың төрағалығымен және ЕАЭО елдерінің банктер қауымдастығы мен бизнес-қоғамдастығының, сондай-ақ «Мәскеу биржасы» өкілдерінің қатысуымен ЕЭК алаңында өтті.

Орталықтың жұмысын жан-жақты таныстыра отырып, А.Қазыбаев «ЕАЭО қаржы нарықтарының болашағы: жасыл қаржыландыру және цифрландыру» тақырыбындағы панельдік сессия шеңберінде ЕАЫ ҚБҚ және ЕЭК-пен ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары туралы бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, бірлескен ESG бағдарламаларын әзірлеу, тұрақты қаржыландыру жобаларын верификациялау бойынша қызметтер ұсыну, сондай-ақ жасыл және әлеуметтік қаржы саласында бірлескен зерттеулер мен семинарлар өткізу туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында АХҚО алаңында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлық өкілдерінің қатысуымен Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің кезекті отырысын күндізгі форматта өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Р.Бекетаев және ЕАЫ ҚБҚ Басқарма мүшелері жасыл қаржыландыру құралдарын дамыту мен танымал етудегі және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуындағы АХҚО ЖҚО-ның белсенді рөлін жоғары атап өтіп, ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде бірлескен ФинТех форумын өткізу және АХҚО базасындағы Консультативтік комитет шеңберінде цифрлық валюталарды дамыту мәселесін талқылау бойынша жұмыс тобын құруға ниет білдірді.

Сондай-ақ, Р.Бекетаев «жасыл қаржыландыру Еуразиялық экономикалық одақ үшін өзекті мәселе болып табылатындығын» және ЕЭК Алқасы шеңберінде ESG мәселелерін талқылауға бастамашылық жасау қажеттігін атап өтті.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған.

 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.

Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады».

www.aifc.kz

 

АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

 

ЕАЫ ҚБҚ – қоғамдық үкіметтік емес ұйым. Қазіргі уақытта ЕАЫ ҚБҚ Еуразияның 23 елінен кәсіпкерлердің қаржылық-банктік және іскерлік одақтарын, коммерциялық ұйымдар мен банктерді, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктерді біріктіреді. Қауымдастықтын негізгі мақсаты – ұлттық нарыққа қатысушылардың – Қауымдастық мүшелерінің Еуразия елдерінің аумағында олардың тиімді кәсіпкерлік қызметі үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыру.

www.fbacs.com

AIFC AI assistant