АХҚО жасыл қаржы орталығы Қырғызстандағы БҰҰ миссиясымен кездесу өткізді

БҰҰ миссиясының Қырғызстандағы делегациясымен кездесу аясында Нұр-Сұлтанда басталған диалогтың жалғасы ретінде 24 мамырда 2022 ж. бас директор Айдар Қазыбаев бастаған АХҚО жасыл қаржы орталығының делегациясы Бішкек қаласында БҰҰ-ның Қырғызстандағы барлық бөлімшелерінің өкілдерімен кездесу өткізді.БҰҰ делегациясын БҰҰ-ның даму бағдарламасы Тұрақты Өкілі Луиза Чемберлен басқарды.

Кездесу барысында Айдар Қазыбаев GFC Bishkek – жасыл қаржы орталығы Айыл Банкпен, Қырғыз қор биржасымен, сондай-ақ кездесуге қатысқан Қырғызстан банктер одағымен бірлесіп құрған бірлескен компанияны таныстырды.

Тараптар әлеуетті ынтымақтастықтың алты секторын басымдықпен айқындай отырып, ЖҚО және GFC Bishkek-пен ынтымақтастықтың перспективалық салаларын талқылады. Олардың ішінде, Қырғызстан Республикасында тұрақты қаржыландыру нарығын дамыту, Жасыл экономика үшін мамандар даярлау, Қырғызстанда құзыреттер орталығын құру және орнықты даму бойынша жергілікті мамандарды даярлау бар. Сондай-ақ исламдық қаржыландыру құралдарын, Әлеуметтік (гендерлік) және жасыл облигацияларды дамытуға, “жасыл” қалаларды және т. б. дамытуға назар аударылатын болады.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant