ESG инвестициялық форумы климаттың өзгеруімен күресудің баламалы әдістеріне арналған диалог алаңы ретінде

2022 жылғы 3 қазанда ESG-Инвестициялар форумы шегінде World Investor Week жыл сайынғы конференциясы аясында «Еуразиядағы климаттық әрекетті кеңейту: көміртегі шаруашылығы және саудасы» атты халықаралық инаугурациялық диалог өтті, онда ауыл шаруашылығы климаттық жобалары және көміртегі шаруашылығы бойынша офсеттік сауда перспективалары талқыланды.

Форумның флагмандық іс-шарасын Халықаралық қолданбалы жүйелік талдау институтының (IISASA, Аустрия), TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының (Қазақстан), Қазақстанның Ұлттық ЕSG клубының және АХҚО Жасыл қаржы орталығының көмегімен, БРИКС ЭЖМ ҒЗУ Халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы жүргізді. Сонымен қатар іс-шараға климаттың өзгеруі экономикасы саласындағы әлемдік аты бар ғалым, Оксфорд университетінің қоршаған ортаны өзгерту институтының директоры және Халықаралық қолданбалы жүйелік талдау институтының (IIASA) негізгі зерттеушісі және директоры Майкл Оберштайнер қатысты.

Диалогты Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция Министрі Серік Жұманғарин ашты. Ол озық тәжірибені ескере отырып, АХҚО алаңында көміртегі бірліктерінің сауда нарығын іске қосу үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, қазақстандық компаниялардың, оның ішінде квоталау субъектілерінің Қазақстан аумағында іске асырылатын климаттық жобалар бойынша нарықта сатып алынған офсеттерді шектеусіз есептеуге мүмкіндігі бар. Ұлттық ESG клубының Төрағасы, АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев Қазақстанның халықаралық көміртегі нарықтарының халықаралық тетіктері мен құралдарын пайдалануға ниетті екенін және Еуразия елдерінің жалпы климаттық күн тәртібі шеңберінде АХҚО алаңының мүмкіндіктерін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша БРИКС ЭЖМ ҒЗУ Халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы АХҚО Жасыл қаржы орталығына көміртекті офсеттер нарығын құруда және Қазақстанда климаттық жобалар базасын қалыптастыруда қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

 

Анықтама:

Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG трансформациясының көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30-дан астам компания кіреді.

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant