АХҚО Tech Hub Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларымен семинар өткізді

AIFC Tech Hub Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) сарапшыларымен онлайн семинар өткізді. Іс-шараның спикерлері АХҚО Tech Hub бас директоры және Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революцияның (4ӨРО) еншілес орталығының қазіргі басшысы Павел Коктышев, 4ӨРО үкіметпен байланыс бөлімінің басшысы Шейх Танджеб Ислам, «Байланысқа қосылған әлемнің болашағы» платформасының кураторы Сайфул Салихудин, «Блокчейн және цифрлық валюта» жобаларының маманы Кларисса Аваменгви, «Блокчейн технологиясы және таратылған реестр» жобасынынң жетекшісі Эшли Ленквис, «Ұтқырлық болашағы» жобасының менеджері Майя Бен Дрор болды.

ДЭФ жетекші сарапшылары заттар интернеті, қалалық трансформация, деректер саясаты, блокчейн және цифрлық активтер сияқты салалардағы негізгі даму үрдістері туралы айтты, сондай-ақ Қазақстандағы 4ӨРО аффилиирленген орталығының сайтында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Семинарға «ERG», «KMPG», «Қазақтелеком», «Halyk Finance» АҚ, «ЮНИСЕФ», «KMG Engineering», «QazTrade», «TechGarden» және т.б. компаниялар өкілдері қатысты.

Сіз инновациялық трансформация бағдарламасы, Қазақстандағы 4ӨРО Серіктестік орталығының мүмкіндіктері туралы және семинардың толық жазбасын АХҚО Tech Hub ресми Youtube арнасында мына сілтеме бойынша көре аласыз: 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

 

АХҚО Tech Hub– бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/

AIFC AI assistant