АХҚО қатысушысы Bank4Me VentureRocket Eurasia платформасында қаражат жинау науқанын бастайды

Қазақстандық Bank4Me финтех-стартапы АХҚО VentureRocket Eurasia Тех Хаб стартаптарына бірлескен инвестициялау платформасында қаражат жинау науқанын сәтті бастады.

Bank4Me (www.bank4.me) – Интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген құрылғыдан бөліп төлеуге немесе несие алуға мүмкіндік беретін онлайн-банкинг платформасы. Стартап ритейлерлердің максималды санына қосылған Орталық Азия банктерін бөліп төлеу қызметіне біріктіру арқылы банктердің, ритейлерлер мен клиенттердің мәселелерін шешуге көмектеседі.

«Біз жергілікті банктер мен BNPL қызметтері үшін сенімді және ыңғайлы хабқа айналдық, соның арқасында олар бюджетті түрде клиенттерді тартып, олармен өзара жеңіл әрекет жасай алады. Сондықтан біз Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Африканың қарқынды дамып келе жатқан нарықтарында одан әрі пайдалану үшін шешіміміздің орасан зор әлеуетін көріп отырмыз», – деді Bank4Me бас директоры Андрей Антропов.

Kazakhstan Digital Acceleration Program бағдарламасы (бұдан әрі – KDA) шеңберінде Bank4Me Орталық Азиядағы аймақтық стартаптарға финтех, жасанды интеллект, электронды коммерция, ойын-сауық, логистика, исламдық цифрлық экономика және т.б. салаларына инвестиция салатын жетекші венчурлық компания Quest Ventures-дан (www.questventures.com) $50 000 көлеміндегі алғашқы инвестицияны алды.

«Bank4me – бұл біздің KDA бағдарламамыз арқылы технологияларды тасымалдаудың тамаша үлгісі. Стартаптың негізін қалаушының ішкі нарығы Беларусь болды, және KDA бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін және алғашқы инвестицияларды алғаннан кейін команданы көшіру және холдингтік компанияны АХҚО-да тіркеу туралы шешім қабылданды. Біз KDA түлектерінің өркендеп жатқанына, дамудың келесі кезеңіне өтіп жатқанына және VentureRocket Eurasia платформасында жаңа қаражат жинау науқанын бастағанына қуаныштымыз, бұл Орталық Азияның стартап экожүйесі үшін жақсы сигнал», – деді Quest Ventures инвестициялық директоры Руслан Рақымбай. .

Bank4Me ұсынған бұл инвестициялық айналым аккредиттелген кәсіби инвесторларға толық реттелетін ортада сенімді технологиялық стартаптарға инвестициялауға мүмкіндік беретін әрі стартаптарға бірлескен инвестициялау бойынша Орталық Азиядағы жалғыз платформа саналатын VentureRocket Eurasia платформасындағы алғашқы инвестициялық айналым болып табылады.

«VentureRocket Eurasia платформасында біз бірлескен қауіпсіз инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы аймаққа көбірек инвестициялық мүмкіндіктер тартуға ұмтыламыз. Платформа 2021 жылы іске қосылғаннан бері біз 100-ден астам стартапты қарап шықтық және VentureRocket Eurasia-да шамамен 60%-ын тіркедік. Біздің платформа Орталық Азия аймағындағы венчурлық капитал нарығын дамытудың тамаша құралы болып табылады және аймақтық стартаптар экожүйесінің өсуіне үлкен үлес қосады деп сенеміз», – деді VentureRocket Eurasia бас директоры Арслан Құдияр.

Қаражат жинау науқаны 2022 жылдың соңына дейін жалғасады. Инвестициялардың ағымдағы айналымы (500 мың долларға дейін) Оңтүстік-Шығыс Азия нарығында өнімді белсенді дамытуға бағытталады.

Қосымша ақпарат алу және «Bank4Me» командасына хабарласу үшін VentureRocket Eurasia платформасында https://eco.venturerocket.vc/ арқылы тіркеліңіз.

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң ретінде шоғырлану болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлық индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech,GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлық мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz

Venture Rocket Eurasia – АХҚО Tech Hub пен Titanium Technologies (https://titanium-tech.net) жаһандық ғылыми-зерттеу және инновациялық компаниясы құрған стартаптардың экожүйесін инвестициялау және басқаруға арналған платформа.

Бұл аймақтық және жаһандық инвесторларға бағытталған Орталық Азиядағы стартаптарды бірлесіп инвестициялауға арналған алғашқы платформа. https://venturerocket.vc/

Quest Ventures – Орталық Азиядағы жетекші венчурлық компаниялардың бірі, ол 2011 жылдан бастап әртүрлі саладағы (ЖИ, электрондық коммерция, ойын-сауық, қаржы, спорт, исламдық цифрлық экономика және т.б.) аймақтық стартаптарға инвестиция құйып келеді, оның портфолиосында Орталық Азиядағы жүзден астам технологиялық стартап бар. www.questventures.com

AIFC AI assistant