АХҚО мен BI Group құрылыс жобаларына инвестиция тартудағы ынтымақтастықты жалғастырады

АХҚО мен BI Group елдің құрылыс секторына әлемдік үздік қаржыландыру тәжірибелерін енгізу мақсатында құрылыс жобалары, активтер мен жеке тұлғалардың қаражатын басқаруға инвестиция тарту мәселелерінде ынтымақтастықты жалғастырады.

Тараптардың бірлескен қызметі жобалық қаржыландыру, қарыз капиталын тарту, облигация мен еурооблигацияларды шығару, IPO жасауға көмектесу мен жеке акцияларды орналастыру жұмыстары арқылы өңірлік капитал нарығын ілгерілету мен дамытуға бағытталады.

Ынтымақтастықтың бір бағыты мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы қаржыландыруға қатысуға әлеуетті жобаларды қарау болмақ.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттері – ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. www.aifc.kz

AIFC AI assistant