АХҚО алаңында тұрақты даму мәселесі бойынша семинар өтті
«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі «Тұрақты даму стратегиясы және ESG: қатерлер мен оның шешімдері» атты іскерлік семинар өткізді. Іс-шара биылғы тамыз айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі арасында қол қойылған Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – тұрақты даму, қаржылық реттеу ережелеріндегі өзгерістер мен әлемдік үздік тәжірибелердің өзекті үрдістерін жүйелеу. Қатысушылардың айтуынша, қазіргі таңда мемлекет пен бизнес қауымдастығы алдында тұрақты даму мен бизнесті басқарудың қағидалары мен мақсаттарын интеграциялауға мүмкіндік беретін өзгерістерге бастайтын көшбасшыларды дайындау мақсаты тұр. Семинар ҚР компаниялары, мемлекет және халықаралық сарапшылар қауымдастығының өзара тұрақты даму саласындағы тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік берді.
«Қазақстандағы ESG стратегияның басты қатерлері және Глазгодағы БҰҰ климаттық конференция қорытындысы» атты панельді талқылаудың спикерлері АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация бойынша бірлескен басқарушысы Ернат Бердіғұлов, «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебінің президенті Андрей Шаронов болды.
«АХҚО-ның тұрақты және инклюзивті өсім стратегиясы» атты семинар аясында АХҚО-ның стратегиялық мәселелер бойынша директоры профессор Александр Ван де Путт сөз сөйледі. IESE Business School (Испания) стратегиялық менеджмент профессоры Майк Розенберг «Тұрақты даму стратегиясы және ESG: қатерлер мен оның шешімдері» шеберлік сабағын өткізді.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығы. Агенттік стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистика салаларына және реформалар жүргізуге жетекшілік етеді. www.gov.kz
«СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі –Ресей мен посткеңестік кеңістіктегі жетекші бизнес мектептерінің бірі, оны 2006 жылы кәсіпкерлер қауымдастығы құрған. Бұл Financial Times 2020 рейтингісіндегі корпоративтік бағдарламалардың сапасы бойынша Шығыс Еуропадағы №1 бизнес мектебі. www.skolkovo.ru