АХҚО ірі агроөнеркәсіптік инвестор Great Production Limited компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және ірі агроөнеркәсіптік инвестор Great Production LTD түрік бизнесінің көшбасшыларымен дөңгелек үстел аясында Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудағы ынтымақтастық, аграрлық жобаларға инвестициялау саласында озық тәжірибемен және біліммен алмасу туралы келісті.

Келісім АХҚО экожүйесін пайдалана отырып, Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Great Production LTD компаниясы жеміс өңдеу және органикалық шырындар, пюре мен концентрат өндіру, сондай-ақ жаңа піскен жемістерді орау бойынша түрік нарығында жетекші орынға ие.

Қазақстан Республикасында инвестор қазақстандық әріптеспен бірлесіп, жалпы ауданы 1100 Га болатын бақтар салуды және жаңа піскен жемістерді орау, органикалық шырындар, концентрат пен пюре өндіру жөніндегі зауыт салуды көздейтін ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Осындай өнеркәсіптік көлемде жеміс концентраты Қазақстан Республикасында алғаш рет шығарылатын болады. Бірінші кезең аясындағы жобаның жалпы құны 40 млрд теңгеден асады.

АХҚО «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Task Force тобының жұмысы аясында агроөнеркәсіптік сектордың ерекшелігі мен қажеттілігін, сондай-ақ өндірістің экспорттық әлеуетін барынша арттыруды ескере отырып, осы жобаны құрылымдады.

Осы мақсаттар үшін қазіргі таңда АХҚО алаңында инвестор жоғарыда көрсетілген агроөнеркәсіптік жоба шеңберінде тараптардың инвестициялық ниеттерін тікелей іске асыру үшін жеке компания (private company) түрінде жобалық заңды тұлға құрылды.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде қалыптасу.

www.aifc.kz

Task Force – өткен жылы инвестициялар туралы стратегиялық келісімдер жасасу үшін АХҚО және «Қазақинвест» ұлттық компаниясының ірі инвесторларды тарту және сүйемелдеу жөніндегі бірлескен жұмыс органы – Task Force бөлімшесі құрылды.

Task Force тобы инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту мақсатында кешенді шешімдер іздеу жұмыстарын жүргізуде. Пысықталып жатқан инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға және саланы ұзақ мерзімді дамытудың тиімді стратегиясын құруға мүмкіндік береді.

AIFC AI assistant