«Орталық банктер: ынтымақтастық арқылы оқыту» сессиясының қорытындысы

Орталық банктер: ынтымақтастық арқылы оқыту» сессиясы Astana Finance Days 2022 конференциясы аясында гибридті форматта Қазақстан мен Армения орталық банктері өкілдерінің, сондай-ақ Америкааралық даму банкі мен Үлкен Еуразия зерттеу орталығы спикерлерінің қатысуымен өтті. Сессияға қатысушылар орталық банктердегі құзыретті арттырудың қолда бар мүмкіндіктерін, соның ішінде банктердегі зерттеу күш-жігерлерін, әсіресе қаржы саласындағы технологиялар мен инновациялар тақырыптарындағы күш-жігерлерін біріктірудің әртүрлі әдістерін талқылады.

Цифрлық технологиялар мен деректер салаларындағы жетістіктер қаржы мен банк салсын өзгертіп, сын-тегеуріндермен қатар, одан әрі даму үшін мүмкіндіктерді де ұсынады. Қазір көптеген орталық банктер инновацияны ескере отырып, реттеуші, операциялық және технологиялық күн тәртібін қалай қалыптастыру керектігі туралы сұрақтар қоюда. Қажетті шешімдерді анықтау үшін әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі орталық банктер бірігіп, банктер оқытылатын және бірлескен зерттеулер, соның ішінде қаржыдағы инновациялар тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізетін қоғамдастықтарды құруда. Мұндай қоғамдастықтардың мысалдары ретінде Қаржы жүйесін экологияландыру желісі, Халықаралық есеп айырысу банкі, Оңтүстік-Шығыс Азия Орталық банктерінің желісі және т.б. келтіруге болады.

Талқылау шеңберінде өңірлік орталық банктердің өкілдері қызметкерлердің білімі мен дағдыларын жаңарту және зерттеу тақырыптары мен жобаларын қалыптастыру бойынша ағымдағы тәсілдермен бөлісті. Сонымен қатар, қалған спикерлер зерттеу және білім беру саласындағы банктердің қызметін біріктіретін қоғамдастықтар құру тәжірибесі туралы айтты. Сондай-ақ сессияда Үлкен Еуразия зерттеу орталығының (Greater Eurasia Research Centre) өңірдегі орталық банктердің қатысуымен зерттеу жобаларын жүргізу саласындағы қызметі мен жоспарлары ұсынылды. Орталық Гонконг ғылым және технологиялар университетінің бастамасы болып табылады және 2021 жылы АХҚО-мен ынтымақтастығы басталды, оның шеңберінде АХҚО аумағында өкілдігі ашылды. Үлкен Еуразия зерттеу орталығы өңірдегі жетекші зерттеу және білім беру платформасына айналуды мақсат етеді. АХҚО-ның қолдауы орталыққа еуразиялық құрлықтағы елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және ғылымның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

 

Анықтмалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО елдерін, Орталық Азия мен Кавказды байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz

AIFC AI assistant