Astana Finance Days аясында цифрлық активтер индустриясының өсімі талқыланды

Astana Finance Days 2022 аясындағы Реттеушілік форумында «Цифрлық активтердің өсімі: жаңа мүмкіндіктер, тәуекелдер, реттеу» тақырыбында панельдік сессия өткізіліп, оның жұмысына АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) Директорлар Кеңесі тәуелсіз және атқарушы емес директоры,  Fnality International реттеу бөлімінің басшысы Дэниел Хеллер, Bitfinex Securities операциялық мәселелер жөніндегі директоры Джесси Кнутсон, Гонконг Университетінің заң профессоры Дуглас Арнер, Binance компаниясының Азиядағы аймақтық директоры Глеб Костарев және AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов қатысты.

Қатысушылар цифрлық активтер саласындағы жаһандық реттеуші трендтерді талқылады, тәуекелдерді басқару мен ФинТех инновацияларды қолдау арасындағы теңгерімдеу, бөлшек инвесторларды қорғау және цифрлық активтердің құбылмалылығы аясында қаржылық тұрақтылық мәселелеріне тереңдей түсті. Қатысушылар сонымен қатар жаһандық криптовалютаның ірі ойыншылары осы саланы басқаратын адамдар ретінде қалай әрекет ете алатындығы туралы пікір алмасты.

Қаржылық инновацияларды қолдау үшін 2018 жылы AFSA реттеушілік алаңқайын FinTech Lab құрған. Алаңқайда лицензия алған компаниялар өздерінің қаржылық инновациялық қызметтерін осы режимде сынай алады. Дәл қазір осы алаңқайда алты криптобиржа, бір криптоброкер, және құнды қағаздардың токендік биржасы лицензия алған

«Криптонарықтағы реттеушілік талаптарды құру осы индустрияның дамуына кедергі келтірмей-ақ ондағы тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді», – деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant