Astana Finance Days спикерлері аймақтағы серіктестіктің нығаюындағы реттеушілердің рөлі туралы талқылады

Astana Finance Days 2022 аясында «Орталық Азиядағы қаржылық қызметтердің дамуы» тақырыбында сессия өтті. Онда бірлескен іс-қимылдар Орталық Азияны инвесторларға жағымды ету, жаңа қаржылық өнімдердің пайда болуы  табысқа кенелту әлеуеті және коммерциялық және әлеуметтік жобалар арқылы финтех индустрияның потенциалы жайы талқыланды.

Спикерлер: АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) құқықтық мәселелер бойынша Басқарушы директоры Исхак Берни, AFSA Директорлар Кеңесі  тәуелсіз директоры және Құнды қағаздар нарығы бойынша халықаралық ұйымының бұрынғы бас директоры Грегори Танзер, Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігі капитал нарығын дамыту департаментінің директоры Сарварбек Ахмедов, Қазақстандағы Еуропалық қайту құру және даму банкі директоры Хусейн Озхан, «Тошкент» республикалық қор нарығы Басқарма Төрағасы Абдуазимхуж Абдужабборов, Astana International Exchange Басқарма Төрағасы Ренат Бектуров.

Қатысушылар Орталық Азия реттеу ұйымдары арасындағы ынтымақтастық шекара аралық деңгейде қаржы қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдететін және капитал ағымын жақсартатын фактор деп қарастырды.

Аумағында 75,3 млн.халық тұратын Орталық Азия инвесторлар үшін тартымды нарық. Оның үстіне қаржы реттеушілер арасындағы бірлескен іс-шаралар жаңа қаржылық өнімдерді енгізуді жақсартады.

«Аймақтық ынтымақтастық бастамалары Орталық Азия нарықтарын дамытуда нарықтың өлшемімен, қаржының аздығымен және ұсынылатын инструменттердің шектеулігімен байланысты мәселелерді шеше алады. Бұл тұрғыдан АХҚО мен AFSA  қаржы қызметтерін инновациялық және сенімді реттеуде, оны сынап көруде жақсы алаңқай бола алады» –  деді AFSA құқықтық мәселелер бойынша Басқарушы директоры Исхак Берни.

Естеріңізге салсақ, АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан реттеушілері және өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен жоғарғы деңгейдегі кеңесте  Бірлескен декларация қабылданған.

Оған сәйкес АХҚО әлеуетін қаржылық жүйені бірігіп пайдалану, қаржы қызметтері саласындағы трансшекаралық экономикалық бастамаларды қолдау, аймаққа инвестиция тарту, Бірлескен мәлімдеме аясындағы реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделген

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

AIFC AI assistant