AFSA заң қызметтерін көрсетуге лицензия алу талаптарын өзгертті

2022 жылғы 1 шілдеден бастап АХҚО-ның заң қызметтерін көрсетуге лицензия алуға қойылатын талаптарға қатысты жалпы қағидаларына толықтырулар күшіне енеді. Сондай-ақ Глоссарийге “заң кеңесшісі” және “АХҚО заң қызметтерін реттеу жөніндегі кеңесі” ұғымдары енгізілді.

Енді AFSA-ның заң қызметтерін көрсетуге арналған лицензиясын алу үшін компанияларға АХҚО заң қызметтерін реттеу жөніндегі кеңесінің жанынан заң консультанты ретінде кемінде бір қызметкерді тіркеу қажет болады.

2023 жылғы 3 мамырдан бастап бұл талап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін заң қызметтерін көрсетуге AFSA лицензиясын алған АХҚО-ның жұмыс істеп тұрған қатысушыларына қатысты да қолданылатын болады.

Айта кетейік, бұл түзетулер АХҚО-да заң қызметтерін реттеу режимін енгізуге бағытталған құқықтық базаның бір бөлігі болып табылады. 2022 жылғы 3 мамырда АХҚО-ның заң қызметтері туралы актісі қабылданғанын, сондай-ақ АХҚО-ның жалпы қағидаларына, АХҚО-ның бизнес жүргізу туралы қағидаларына және глоссарийге АХҚО-да заң қызметтерін көрсетуге AFSA лицензиясын алуға және сақтауға қатысты толықтырулар енгізілгенін еске саламыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://aifc.kz/legal-services-regulation/

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz 

 

AIFC AI assistant