АХҚО-да Венчурлық капиталға арналған практикалық нұсқаулықты жасап шығарды
2020 жылы біз АХҚО-дағы венчурлық мәмілелер көлемінің едәуір өсуін байқаймыз. Бұл бірінші кезекте технологиялық стартаптарға бірқатар ірі инвестициялармен байланысты. Жеке инвесторлардың да, институттардың да басты талаптарының бірі – АХҚО-ға стартаптарды қосу және инвестициялық операцияларды құрылымдау үшін біздің юрисдикцияны пайдалану болды. Осылайша, 2020 жылы айырбасталатын несиелік келісімдерге қол қою арқылы 10 мәміле, ал жеке орналастыру және стартап-компаниялардың акцияларын сатып алу арқылы 5-тен астам операция аяқталды.
АХҚО-ның юрисдикциясы қатысушылар үшін ең икемді, ашық және түсінікті болып саналатындығына қарамастан, көптеген инвесторлар мен стартап-жобалардың құрылтайшылары юрисдикцияға қатысты және, әрине, екі елдің де салықтары бойынша егжей-тегжейлі ақпараттық қолдауды қажет етеді. Сондықтан АХҚО Fintech хабы Қазақстандағы KPMG Tax & Legal серіктестігімен және Kinstellar заң фирмасымен бірге АХҚО-да Венчурлық капиталға арналған практикалық нұсқаулықты жасап шығарды.
Осы Нұсқаулық АХҚО заңды тұлғаларды тіркеу және авторизациялау талаптарын, атап айтқанда венчурлық қорлар мен басқарушы компанияларға қойылатын талаптарды сипаттайды. Сондай-ақ, бұл инвестициялық келісімдерді құрудың және инвесторлар үшін шығу стратегияларының мүмкін жолдарын ашады. Сонымен қатар, Нұсқаулықта Қазақстандағы салықтар мен АХҚО туралы толық ақпарат берілген. Оқырман инвестициялық қорлар мен олардың басқарушы компаниялары үшін қол жетімді АХҚО-ның салық жеңілдіктері туралы толығырақ таба алады, оларды пайдалану салық міндеттемелерін нөлге дейін төмендетуі мүмкін. Қорытындылай келе, біз инвестициялау мен жергілікті және шетелдік қаржыны тартудың баламалы юрисдикцияларын қарастыратын инвесторлар мен стартаптар үшін пайдалы болатын Делавэр, Кипр және АХҚО салық режимдеріне салыстырмалы талдау жүргіземіз.
Практикалық нұсқаулық сілтеме бойынша қол жетімді: https://fintech.aifc.kz/reports/