Жасыл облигацияларды шығару және көміртегі бірліктерін есепке алу рәсімдерін цифрландыру жөніндегі жоба

29 қыркүйекте Мәскеу қаласында АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бизнесті дамыту жөніндегі директоры Манас Гиждуаниевтің сапары аясында ресейлік «Вечный город» ЖШС компаниясымен өзара түсіністік және серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандумның мәні блокчейн технологиясына негізделген «Evercity» цифрлық платформасында жасыл облигациялар мен көміртегі бірліктерін шығаруды цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны пысықтау процесін бастау болып табылады.

{img}

Бұдан басқа, бұл платформа Қазақстандағы эмитенттер компаниялары үшін құжат айналымын және мониторингті, сондай-ақ көміртегі бірліктерін есепке алуды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ресейлік «Вечный город» ЖШС компаниясы АХҚО-да өзінің өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant