АҚШ бизнес-қауымдастығы өкілдеріне АХҚО артықшылықтары мен мүмкіндіктері таныстырылды

3-ші «Қазақстандық бәсекеге қабілеттілік форумы» аясында АҚШ бизнес қауымдастығы өкілдеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бірегей артықшылықтары мен мүмкіндіктері таныстырылды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың халықаралық өзара түсіністік жөніндегі іскерлік кеңесімен (BCIU) бірлесіп ұйымдастырды. Форумның мақсаты-елдер арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанға американдық өндірушілерді, инновациялар мен технологияларды тарту.
АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов: «АХҚО инвесторларға өздерінің таныс шарттарын, соның ішінде ағылшын ортақ құқығын ұсынады. Біз Қазақстанда жаңа мүмкіндіктер ашқысы келетін американдық бизнес өкілдерін қарсы алуға қуаныштымыз», – деп айтты.
Форумға ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, туризм және т. б. саласында бірлескен сауда және инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі бірқатар американдық компаниялардың өкілдері қатысты.

Сұраулар:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz

Халықаралық түсіністік жөніндегі іскерлік кеңес (BCIU) — АҚШ-та орналасқан, халықаралық сауда мен коммерцияны дамытатын ұйым. Кеңес қатысушы компанияларға өз қызметін халықаралық деңгейде жүзеге асыруға көмектеседі және бүкіл әлемдегі бизнес пен мемлекеттік Көшбасшылар арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарға ықпал етеді.

AIFC AI assistant