Әсел Мұқажанова AIX Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды
Astana International Exchange (бұдан әрі – AIX, Биржа) биржасының Директорлар Кеңесі Әсел Мұқажанованың AIX Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болып тағайындалғанын қуана хабарлайды.
Әсел Мұқажанова AIX биржасында Нарықтар мен өнімдерді дамыту жөніндегі басқарушы директор, әрі басқарма мүшесі болып қызмет істеді. 2023 жылдың қаңтарынан бастап AIX Басқарма төрағасының міндетін атқарды.
Әсел Мұқажанова өзінің еңбек жолын 1992 жылы «Тұран» Банкінің валюталық операциялар бөлімшесінде бастады. Оның қаржы және банк қызметтері саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар және АХҚО/AIX-ке келгенге дейін халықаралық банк ісі, капитал нарықтары, инвесторлармен қатынастар, бірігу/қосып алу және стратегия мәселелеріне мамандана отырып, «Қазкоммерцбанк» АҚ-да атқарушы директор лауазымын атқарды.
Әсел Мұқажанова ханымның халықаралық бизнес-қоғамдастықпен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар, синдикатталған кредиттерді, еурооблигацияларды, секьюритилендіруді, жеке орналастыруды қоса алғанда, қаржыландыруды тарту бойынша түрлі маңызды мәмілелерге белсенді қатысты. Ол M&A мәмілелерінде жетекші рөл атқарды және стратегияны әзірлеу жобаларымен айналысты.
Әсел Қазақ басқару академиясын «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша бітіріп, Лондон және Гарвард бизнес мектептерінде басшыларға арналған оқудан өтті.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz