AFD аясында «Еуразия және дамушы нарықтар: бәсекелестік немесе ынтымақтастық?» атты дөңгелек үстелі өтті

Astana Finance Days қаржылық конференциясы аясында «Еуразия және дамушы нарықтар: бәсекелестік немесе ынтымақтастық?» атты дөңгелек үстелі өтті.
Сарапшылар Еуразиялық экономикалық интеграцияның негізгі аспектілерін, сондай-ақ дамушы нарықтармен елдер арасындағы ынтымақтастық қажеттілігін талқылады.
Баяндамашылар қазіргі әлемде ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік халықаралық интеграцияда және өзара пайданы ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл ретте адал бәсекелестік экономикалық тиімділіктің негізгі ынталандыруы болып қалуы тиіс.
Дамушы нарықтарға мысал ретінде АСЕАН және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың тәжірибесі келтірілген. Атап айтқанда, бірқатар сарапшылардың пікірінше, биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтетін АСЕАН өңірлік ынтымақтастық бөлігінде еліктеуге үлгі болып табылады.
Сонымен қатар, Орталық Азия аймағындағы нарықтың біршама аз мөлшерін ескере отырып, баяндамашылар табысты ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін тиімді басқару дағдыларын үнемі жақсарту қажеттігін атап өтті.
Орталық Азия экономикаларының бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетіне, тауар айналымы өсімінің маңыздылығына, визалық талаптарды жоюға, шекараларды ашуға және инвестициялардың өсуін арттыру үшін басқа да ынталандыруларды енгізуге ерекше назар аударылды.
Спикерлер сондай-ақ ынтымақтастықты қолдау және нарық қатысушысының бәсекелестік артықшылықтарын одан әрі күшейту үшін негізгі платформалардың бірі ретіндегі АХҚО рөлін талқылады.

 


Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.

AIFC AI assistant