AFSA бөлшек инвесторлар үшін алғашқы босатылмаған қорды тіркеді
AFSA бөлшек инвесторлар үшін алғашқы босатылмаған қор[1] – SBI Active Fund-ты тіркеді. Бұл қадам маңызды оқиға, өйткені ол бөлшек инвесторларға, әдетте, босатылған қорларды[2] пайдаланатын кәсіби инвесторларға қолжетімді болатын инвестициялық мүмкіндіктердің кең спектріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Босатылған қорлардан айырмашылығы, босатылмаған қорларға қадағалау мен ашықтық бойынша анағұрлым қатаң талаптар қойылады. Олар инвесторлардың әртүрлі санаттарына арналған қаржылық өнімдердің барынша кең спектрін ұсыну арқылы инвестициялық ұсыныстардың алуандылығын арттырады. Бұдан басқа, олар нарықтың кеңірек қатысуына ықпал етеді, нәтижесінде қаржы нарықтарының дамуына ықпал етеді. Босатылмаған қорлар, әдетте, инвесторлардың қатысуына аз шектеулер қояды, бұл оларды бөлшек инвесторларды қоса алғанда, кең аудиторияға қолжетімді етеді. Мұндай инклюзивтілік АХҚО шеңберінде нарықтың өтімділігі мен белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
AFSA бөлшек инвесторларға активтерді бөлу, тәуекелге ұшырау және ықтимал кірістілік тұрғысынан үлкен икемділікті қамтуы мүмкін озық инвестициялық стратегияларды зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ Қазақстанда бөлшек инвестициялардың неғұрлым серпінді нарығын құруға әкелуі мүмкін.
AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Бұл бөлшек сауда клиенттері үшін барынша мол мүмкіндіктер ашатын айтулы оқиға. Бұл алға жасалған қадам болса да, мен осы жаңа мүмкіндікті пайдаланғысы келетін клиенттер онымен байланысты жоғары тәуекелдерді білуі керек екенін еске салғым келеді. AFSA-да бөлшек сауда клиенттері пайдалануы керек қорғаныс шаралары қарастырылғанымен, тұтынушылар салиқалы әрі сауатты шешімдер қабылдауы керек және олар байланысатын АХҚО-ның барлық қаржы компанияларының AFSA берген тиісті лицензиялары бар екеніне көз жеткізуі керек», – деп ескертті.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[1] Босатылмаған қор (Non-Exempt Fund) – бұл ұжымдық инвестициялау схемасы (Инвестициялық қор), оның пайлары АХҚО-да барлық клиенттерге шектеусіз ұсынылады және босатылған қордың талаптарына қатысты болмайды.
[2] Босатылған қор (Exempt Fund) – бұл ұжымдық инвестициялау схемасы (Инвестициялық қор), оның пайлары тек АХҚО-да жеке орналастыру арқылы және кемінде 50 000 АҚШ долларын құрайтын жазылым сомасына кәсіби клиенттерге ғана ұсынылады.