AFSA «Орнықты инвестициялау» тақырыбында Халықаралық инвесторлар аптасын өткізеді

3-7 қазан аралығында АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) Халықаралық инвесторлар аптасы шеңберінде бесінші рет орнықты инвестициялау бойынша іс-шара өткізеді. 

Іс-шара кезінде орнықты инвестициялау, қаржылық сауаттылық және білім, цифрлық активтер, орнықты қаржы, исламдық қаржыландыру алаяқтықтың алдын алу секілді тақырыптар талқыланады.

Инвесторлар аптасында арнайы тематикалық іс-шаралар, ESG Форумы, Жаңа қаржылық аспаптар, Ислам қаржыландыруы, Қаржылық сауаттылық бойынша шаралар өтеді.

Халықаралық инвесторлар аптасын әлемнің 100-ден астам еліндегі қаржылық реттеушілері Құнды қағаздар бойынша халықаралық ұйым (IOSCO) аясында ұйымдастырады. Бұл ұйым барлық қаржылық реттеушілердің басын қосатын ұйым. IOSCO мүшелері әлемгің құнды қағаздарының 95% астамын және 115 юрисдикцияны қамтиды. Осы іс-шараны өткізу арқылы АХҚО өзінің IOSCO мақсаттары мен талаптары – қаржылық қызметтегі тұтынушылар құқығын қорғайтынын көрсетеді.

“Орнықты және саналы инвесторлар сау экономиканың негізі, өйткені, олар қаржылық тәуекелдің не екенін түсінеді, қаржылық теңселуге қарсы тұра алады және орнықты бизнесті құра алады. Инвесторларды қорғау AFSA үшін маңызды, себебі, біздің мақсатымыз әділ және ашық қаржылық, капитал нарығы бар орта қалыптастыру. Сондай ортада жеке тұлғалар мен кәсіпорындар ынтымақтаса жұмыс істей алады»деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.

Халықаралық инвесторлар аптасының негізгі ұйымдастырушысы – AFSA, Форумның қосымша ұйымдастырушылары — АХҚО Соты, АХҚО Әкімшілігі, АХҚО Биржасы — AIX, Үздіксіз Білім беру Бюросы, АХҚО Тех Хабы, АХҚО Жасыл қаржыландыру орталығы және АХҚО Бизнес Коннект ұйымдары.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz 

AIFC AI assistant