AFSA COVID-19 жаһандық пандемиясының сын-қатерлеріне жауап ретінде қаржы нарығын қолдау шараларын ұсынды

Халықаралық қаржы орталығының реттеуші – AFSA – АХҚО нарығына қатысушыларды қолдау, нарықтың тұтастығын және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірқатар мақсатты шараларды ұсынды. Бұл шаралар COVID-19 туындатқан ерекше жағдайларға байланысты реттелетін фирмаларға теріс әсерін жеңілдетуге арналған.

Реттеуші қысқа мерзім ішінде нарықтың тұтастығы үшін шешуші маңызы жоқ міндетті есептерді ұсыну жоспарларын қайта қарады. Бұл нарыққа қатысушы компанияларға осы күрделі кезеңде тұтынушыларды қолдау мен өз қызметін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

AFSA қабылдаған шұғыл қадамдардың бірі Қазақстандағы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күнге міндетті есептілік түрлерін ұсыну мерзімін ұзарту болып табылады. Толық мәліметтермен реттеуіштің ресми сайтында осында танысуға болады.

Реттеуші қалыпты режимде жұмыс істейтінін және қаржы нарығын қадағалау бойынша өзінің операциялық қызметін жалғастырып жатқандығын атап өткен жөн. AFSA қызметкерлері қашықтан жұмыс режимінде істейді, сонымен қатар АХҚО қатысушылары және қаржы қызметтерін тұтынушылармен кездесулер мен сұраныстарды уақтылы және тиімді өңдеу үшін барлық қажетті сандық шешімдерге ие.

АХҚО-ның барлық қаржылық қызметтері мен платформалары нарыққа қатысушылар үшін ашық және қолжетімді болып қала береді. Бұл халықаралық AIX биржасына да қатысты, ол пандемияның басынан бастап үздіксіз жұмыс істеуін жалғастыруда.

AFSA сондай-ақ қаржы нарықтарын, трансшекаралық операцияларды тиімді қадағалауды және COVID-19 ықпалына қарсы шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін  ұлттық реттеуіштермен, шетелдік реттеуіштермен және халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды. AFSA COVID-19 байланысты ықтимал нормативтік әрекеттерді және IOSCO, IAIS, FinCoNet және т.б. алқаптарында тұтынушыларды қорғау шараларына қатысты ағымдағы талқылауларға белсенді қатысады.

Сонымен қатар, AFSA АХҚО қатысушылары – AFSA лицензиаттарының назарын, әсіресе тәуекелдерді басқару, киберқауіпсіздік пен қаржылық және операциялық тұрақтылық үшін бизнес-операциялардың үздіксіздігін қамтамасыз ету бөлігінде бақылау жүйелері мен құралдарына қатысты талаптарды сақтаудың маңыздылығына  назар аударады. Реттеуші пруденциялық реттеуге жататын компаниялар өз өтімділігін белсенді басқара алады және компания қиындықтарға тап болады деп пайымдауға негіз болса, AFSA-ға дереу хабарлауға тиіс деп күтеді. АХҚО-ның капиталға және өтімділікке қойылатын талаптары Базель III халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және экономикалық күйзеліске төзімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Барлық лицензияланған қатысушылар AFSA-ға олардың нормативтік талаптарды орындау қабілетіне әсер етуі мүмкін кез келген маңызды оқиғалар мен мәселелер туралы дереу хабарлауы тиіс.

Реттеуші өзінің миссиясын берік ұстанады және мемлекет экономикасын қолдау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі уақтылы қабылдаған шараларын қолдайды.

COVID-19 пандемиясы жағдайының дамуына қарай реттеуші қаржы нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін жаңа шараларын ұсынуды жоспарлап отыр. AFSA ақпараттың барлық жаңарулары жайлы оның пайда болуына қарай хабарлап отырады.

Айта кету керек, бүгінгі күні АХҚО қаржы нарығында 438 компания тіркелген. Жыл басынан АХҚО-да 75 жаңа қатысушы тіркелді. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Финляндия, Сингапур, БАӘ, Нидерланды, Түркия, Швейцария, Германия, Италия және т.б. компаниялардың көпшілігі бар.

 

AIFC AI assistant