АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті лицензиялаған және таныған фирмалар Bloomberg терминалдарын тегін сынап көруге қол жеткізе алады
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – AFSA) AFSA лицензиялаған және танылған фирмалар AFSA-ның қолдауымен Bloomberg терминалдарын тегін сынап көруге қол жеткізуге құқылы деп мәлімдеді.
Bloomberg терминалы – бұл қаржылық деректерді, басты жаңалықтарды, терең зерттеулерді, тиімді аналитиканы, байланыс құралдары мен сауда технологияларын бір кешенді шешімге біріктіретін технологиялық шешім.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) келесі топтары AFSA-ның қолдауымен тегін сынақ түріндегі қолжетімдік құқығына ие болады, олар: (1) Уәкілетті нарық институттары; (2) Уәкілетті фирмалар; (3) АХҚО мүшелері емес танылған қатысушылар (RNAM); (4) Қосалқы қызметтерді жеткізушілер; (5) FinTech Lab қатысушылары.
Bloomberg терминалына тегін сынақ түрінде қол жеткізуге рұқсат алу үшін тиісті фирмалар Bloomberg-тің төменде көрсетілген сату өкілдерімен байланысуы керек. Bloomberg сату бөлімімен келіссөздерден кейін, егер сіз өлшемшарттарға сай болсаңыз, сіз тегін сынақ түріндегі қолжетімдікке сілтеме және қашықтан қосылуға болатын Bloomberg терминалын орнату және қосу туралы техникалық мәліметтер көрсетілген электронды хат аласыз. Bloomberg әрбір жаңа қолданушы үшін Bloomberg терминалын пайдалану бойынша тренинг өткізеді.
Тегін сынақ түріндегі қолжетімдік бір айға беріледі. Алайда, егер сізге Bloomberg терминалын бағалау үшін көбірек уақыт қажет болса, Bloomberg сату өкілдерінен тегін сынақ түріндегі қолдану мерзімін ұзартуды сұрай аласыз.
Bloomberg сату бөлімінің байланыс деректері:
- Болат Юсупов, электронды мекенжай: [email protected] немесе телефон: +442035251399
- Жансая Еділхан, электронды мекенжай: [email protected] немесе телефон: +442035257215.
AFSA Bloomberg терминалдарына қолжетімдік фирмаларға AFSA бақылау жүйелері мен құралдарының талаптарын сақтауға ықпал етуі, сондай-ақ оларға ұсынылатын ақпарат пен және тәуелсіз зерттеулердің арқасында бәсекеге қабілеттілікті сақтауға көмектесуі тиіс деп санайды.
Егер сізде AFSA-ға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, AFSA Коммуникациялар бөліміне [email protected]. мекенжайы бойынша хабарласуды сұраймыз.