AFSA-ның үшінші реттеушілік таунхолында 200-ге жуық қатысушы жиналды

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) АХҚО-ның заң бойынша бастамаларын паш ететін реттеушілік жиынында (таунхолл) мынадай тақырыптар қамтылды:

  1. АХҚО-ның қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және төлем жасауға қабілетсіз қаржылық институттарды реттеуге қатысты іс-шараларды ұсынатын құжат;
  2. Қорларды басқарушы компанияларға ұжымдық инвестиция тарту бойынша жүйе (әдістеме);
  3. Активтерді басқарудағы заңдылыққа толықтырулар енгізу;
  4. Негізгі (компаниядағы шешім қабылдайтын) тұлғаларды бағалау, олардың біліктілігі мен оқыту бойынша нормативтік әдістеме;
  5. Сандық активтермен сауда жасаудағы платформалардың заңдық базасын жетілдіру саясаты;

Онлайн жиынға алдын ала тіркелу бойынша 200-дей қатысушы қатысты. AFSA қызметкерлері олардың сауалдарына толықтай жауап берді.

AIFC AI assistant