AFSA Корпоративті регистраторлар қауымдастығының инновациялар бойынша марапатына ие болды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) Корпоративті регистраторлар қауымдастығының (Corporate Registers Forum немесе CRF) инновациялар саласында («Ынталандыру» номинациясы) тіркеу қызметтерін цифрландыру жобасы бойынша марапатқа ие болды.
AFSA-ның Тіркеу бөлімі соңғы төрт жыл ішінде ұсынылатын қызметтердің барлығын да автоматтандырды. Оның ішінде тіркеу, берілген тіркеу ақпаратын өзгерту, жылдық есептерді қабылдау, компаниялар атауларына резервация жасау, корпоративті реестрлерден көшірмелер алу, сертификаттар мен автоматты хабарламалар алу т.б. қызметтер кіреді.
Онлайн түрінде көрсетілетін цифрланған қызметтер қатысушыларға және болашақтағы қатысушыларға қызметтің түріне байланысты, 30 минут пен 3 сағат арасында өздері тапсырыс берген қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Қызметтер барынша ыңғайлы жасалынған және бизнес тұрғысынан көрсетіледі, және анкетаны толтыру кезінде қате жібермес үшін және оның алдын алу үшін барынша даярланған алгоритмдерді пайдаланады.
Қызметтер цифрлық болғандықтан, көптеген бизнес процестер онлайн жүргізіледі, бұл қызметкерлердің тапсырыс бойынша істейтін жұмысын барынша қысқартуға мүмкіндік береді.
Кейбір процестер, мәселен, берілген тіркеу ақпаратын өзгерту, (Certificate of Good Standing) сертификатын алу, компаниялар атауларын резервация жасау қызметкердің қатысуынсыз-ақ дайындалады.
«AFSA Digital Resident өз өзіне қызмет көрсету порталының арқасында компанияларды тіркеуді толықтай цифрландырды. Бұл бізге қатысшыларды тіркеу процесін бес күннен үш сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. АХҚО компанияларды тіркеу туралы өтініштердің 98% онлайн түрінде беріледі және оларды тексеру уақытын азайтады. Тек 2022 жылдың аяғында АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 1738-ге жетті немесе бұл 2021 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 68%-ға көп. Тіркеу процесі АХҚО-ға кіретін есік рөлінде болғандықтан да, қатысушылардың қызметті тезірек және сапалы түрде алуы үшін автоматизацияның атқарар рөлі жоғары» — дейді AFSA Тіркеу бөлімінің жетекшісі Лаура Нұрғалиева.
CRF – Ұлыбритания, Сингапур, Гонконг, АҚШ, Австралия және БАӘ секілді 70-тен астам мүше елдің және юрисдикциялардың басын қосқан корпоративтік реестрлер әкімшілілері мен құнды қағаздар реестрлерін біріктіретін халықаралық қауымдастық.
CRF инновация саласындағы марапаты Қауымдастықтың әлемдік деңгейдегі бастамаларды сәтті жүзеге асыратын мүшелерін және өздерінің бизнес серіктестерінің қызметі үшін жекелеген шешімдерді шығармашылық тұрғыда жүзеге асырған мүшелерін марапаттауға бағытталған, әрі бұл бастама жаңашылдықтың рухын алға жетелейді.
Марапатталғандардың жетістіктері мойындалады, ал жеңіске жеткендер жыл сайын өз саласының көшбасшылары болып танылады.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 72 елден 1800-ге жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
+7 7172 61-37-45; +7 7172 64-73-43. email: [email protected]