AFSA «Орнықты инвестициялау» тақырыбында Халықаралық инвесторлар аптасын өткізіп, 5000 жуық адам қаржылық сауаттылық тақырыбымен танысты
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) Халықаралық инвесторлар аптасы шеңберінде орнықты инвестициялау бойынша іс-шара өткізді. Конференцияға 20 елден 5000-ға жуық адам бас қосты, 30 сессияға 100 адам спикер ретінде қатысты.
Іс-шара аясында арнайы форумдар, ESG Форумы (экологиялық әлеуметтік, корпоративтік басқару), Ислам қаржыландыруы Форумы, Жаңа қаржылық аспаптар Форумы, Цифрлық активтерге инвестициялау Форумы, және өзге де шаралар өтті.
AFSA инвесторлардың орнықтылығы, алаяқтықтың алдын-алу, орнықты қаржыландыру, криптосауаттылық, саналы инвестициялау тақырыптарын көтерді.
AFSA әділетті, таза қаржылық нарықтарды және капитал нарықтарын құруға жағдай жасау, тіркеу, лицензия беру, және компаниялардың іс-қимылын қадағалаумен айналысады. Мұнан өзге AFSA қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғауға көңіл бөледі.
ESG тақырыбы бойынша өткізілген Инвестициялық форум кезінде АХҚО Жасыл қаржы Орталығы «Ұлттық ESG-клуб — Орнықты бизнестің алаңқайы» атты панельдік сессия ұйымдастырды. Бұл сессияға қатысушылар орнықты даму принциптерін жүзеге асыру, Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығы дәрежесіне жету Стратегиясын дайындау бойынша пікір алмасты.
Халықаралық инвесторлар аптасы жыл сайын Құнды қағаздар бойынша халықаралық ұйым (IOSCO) аясында ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – адамдардың қаржы тәуекелін дұрыстап түсінуі, саналы инвестициялау мақсатында қаржылық білім алуына ықпал ету.
«Халықаралық инвесторлар аптасы АХҚО-дағы негізгі іс-шаралардың бірі, ал AFSA өз тұрғысынан инвесторларды қорғау мен білімнің артуын көздейді. Бүкіл іс-шаралар кезінде біз Құнды қағаздар бойынша халықаралық ұйымының басты ойларына көңіл бөлуге тырыстық, яғни, «тез байып кетуге» үндейтін схемалардан бойыңызды аулақ ұстау, атақты адамдардың сөзіне еріп инвестиция жасамау, инвестициялық компанияның лицензиясын тексеру, қандай инвестиция болмасын тәуекелдің болатынын ұғыну, қаржылық қитұрқылықтан қорғану үшін зерттеулер жасау, міне бұл кеңестің барлығы да – қаржылық сауаттылықтың негізі», – деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.
Халықаралық инвесторлар аптасының негізгі ұйымдастырушысы – AFSA, Форумның қосымша ұйымдастырушылары — АХҚО Соты, АХҚО Әкімшілігі, АХҚО Биржасы — AIX, Үздіксіз Білім беру Бюросы, АХҚО Тех Хабы, АХҚО Жасыл қаржыландыру орталығы және АХҚО Бизнес Коннект ұйымдары.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz