Кәсіби жарамдылық пен адалдық талаптарына сәйкес келмегендігі үшін AFSA Sanity Capital Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) қаржы регуляторының капитал және қаржы өтімділігіне қатысты реттеушілік талаптарын бұзғаны үшін Sanity Capital Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтаттты. Бұған қоса Sanity Capital Ltd компаниясы Бекітілген және Тағайындалған өкілдер туралы міндетті тағайындалулар туралы AFSA талаптарын да орындай алмады.
Осы мәселелерді уақытында шешу туралы ескертулер жасалынғандығына қарамастан, Sanity Capital Ltd ол міндеттерді орындай алмады, сондықтан да AFSA компанияға қарсы іс-шараларды қабылдауға мәжбүр болды.
AFSA компаниялардың өзі бекіткен ең шектеулі талаптарға сай болуын қадағалайды. Талаптарын көзге ілмеген немесе талаптарды жүзеге асырудағы шынайы жоспарларымен бөлісе алмаған қатысушы компанияларға AFSA өз тарапынан тиісті шешімдерді қабылдайды.
«Sanity Capital Ltd компаниясының ешбір клиенті зардап шеккен жоқ және оларға тәуекел қатері туған жоқ. Бірақ бұл – АХҚО құзыреті аймағында/ құзыреті аймағынан қаржылық қызметтерді жүргізу өкілеттігін сақтағысы келетін компаниялардың AFSA-ның заңды тұлғалардың кәсіби жарамдылық пен адалдық талаптарына қатысты төменгі талаптарын сақтауы қажеттілігіне көз жұмып қарауы деген сөз емес», – деп түйіндеді AFSA Бас директорының орынбасары Гаррет Линг.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz