АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресіне қатысты
Бүгін Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі өтті.
Президент Қ.Тоқаев Қаржыгерлер конгресіне арналған сөзінде ел экономикасын қаржыландырудың маңызды көздерінің бірі болуы тиіс АХҚО-ны қоса алғанда, отандық қор нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Конгресс өкілдеріне үндеуінде АХҚО қатысушыларының қазақстандық нарыққа қол жеткізуін кеңейту елге инвестициялар тартуға көмектесетінін және Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі дамытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры Мұхтар Бөбеев қатысқан Конгресстің «Қаржы секторын реттеу және қадағалау: болашаққа көзқарас» атты жеке отырысы реттеушілік қызметке арналды. Іс-шара жазбасы сілтемеде бойынша қол жетімді.
М.Бөбеевтің айтуынша, осыдан бір күн бұрын Қазақстанның реттеушілері арасында қол қойылған Валюталық реттеу актісі «Астана» халықаралық қаржы орталығының резиденттеріне көбірек айқындық береді. Өйткені, АХҚО-да жұмыс істейтін ұйымдарға қазақстандық клиенттерге қызмет көрсетуге бола ма, қай валютада, не болатыны, нені болмайтыны түсініксіз болды.
М.Бөбеев атап өткендей, АХҚО Қазақстанның қаржы жүйесіне көмектесуге және одан әрі дамытуға ұмтылады.
«Осы Заң аясында басты назар инвестициялық банкинг, активтерді басқару және сақтандыруға қатысты болды, өйткені бұл секторлар Қазақстанның қаржы нарығының дамуын толықтыра алатындай көрінеді», – деп түйіндеді М.Бөбеев.